ЖЕМҚОРЛЫҚ ТҮСІНІГІН ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

Авторлар

  • Арман Серікұлы Ахметов Павлодар педагогикалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_75_4_21

Кілт сөздер:

құқық, мәдениет, құқықтық мәдениет, құқықтық сана, мемлекет, қоғам, тұлға, жүйе, жеке тұлға, сыбайлас жемқорлық, құқықтық нигилизм

Аңдатпа

 Бұл ғылыми жұмыста осы тақырыпқа арналған отандық және шетелдік шерттеулердің жиынтығын ізддеу мен талдау негізінде сыбайлас жемқорлық мазмұнының негізгі аспектілерін зерттеу жүргізілген. Бұл мақаланың мақсаты – сыбайлас жемқорлық ұғымын, оның белгілері мен ерекшеліктерін зерттеу. Ғылыми жұмысты жазу барысында ғылыми талдаудың барлық әдістерінің кешені пайдаланылды: дедукция, индукция, талдау, синтез, абстракция, диалектика, салыстыру, аксиоматика. Сыбайлас жемқорлық феноменінің мазмұнын, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықты қолдану аясында әлемдік қоғамдастықтың жағдайын толық ашу үшін әлемдік мемлекеттердің құқықтық саясатының тиімділігі, жүргізіліп жатқан реформаларға азаматтардың сенімінің деңгейі сұрақтары бойынша тәуелсіз халықаралық ұйымдардың жұмыстарының қорытындысы ұсынылып зерттелді. Мақалада сыбайлас жемқорлықтың анықтамасын анықтаудағы әртүрлі көзқарастар қарастырылады, сыбайлас жемқорлықты білдіру формалары бойынша жіктелуі көрсетіледі. Сыбайлас жемқорлықтың теріс әлеуметтік құбылыс ретіндегі проблемасы барлық әлемдік елдердің барлығына әсер етеді, осы құбылыспен күрес жүргізудің оң тәжірибесін қолдану мен зерттеудің қажеттігін туындатады. Ғылыми жұмыста Оңтүстік-Шығыс Азия Гонконг, Сингапур) елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу тәжірибесі алынды, өйткені бұл мемлекеттер аз уақыт ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны әзірлеу мен қолдануда үлкен жетістіктерге жетті. Ғылыми зерттеу нәтижелері жұмыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бойынша ұсынылған шаралардың, сондай-ақ нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша кейбір ұсыныстардың болуымен анықталады.Мақаладағы барлық материалдар мен ережелерді оқу процесінде, мемлекеттік бағдарламалар мен концепциялар әзірлеу кезінде қолдануға болады. Зерттеудің соңында сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке төнетін нақты қауіптердің бірі екенін және онымен күресу үшін мемлекет пен азаматтардың ерекше назары мен әрекеттерін қажет етеді деген қорытындыға келді.

Түйін сөздер: құқық, мәдениет, құқықтық мәдениет, құқықтық сана, мемлекет, қоғам, тұлға, жүйе, жеке тұлға, сыбайлас жемқорлық, құқықтық нигилизм.

Түйін сөздер: құқық, мәдениет, құқықтық мәдениет, құқықтық сана, мемлекет, қоғам, тұлға, жүйе, жеке тұлға, сыбайлас жемқорлық, құқықтық нигилизм.

##submission.downloads##

Жарияланды

29.12.2023

##submission.howToCite##

Ахметов, А. С. . (2023). ЖЕМҚОРЛЫҚ ТҮСІНІГІН ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(75). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_75_4_21