АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚТЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ: САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_73_2_31Кілт сөздер:
туризм, заңнама, академиялық ұтқырлық, университет кампустар, ҚазақстанАңдатпа
Қазақстанның жоғары білім саласындағы ұлттық даму стратегиясы негізінен жоғары білімді интернационализациялау және әлемдік білім кеңістігіне шығуға бағытталған. Осы орайда студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы мемлекет пен жоғары оқу орындары тарапынан кеңінен қолдау тауып отыр. Бұл мақалада академиялық ұтқырлықтың жергілікті туризмге қаншалықты ықпалы бар екені туралы талданды. Мемлекеттің туризм және жоғары білім саласындағы негізгі құжаттары мен қолданыстағы заңнамасына талдау жасалды. Сондай-ақ, туризм және жоғары білім саласындағы халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың есептері, эксперттердің арнайы баяндамалары, ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижелері зерттеу жұмысына негіз болды. Зерттеу нәтижесінде жергілікті туризмді дамытуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, құқықтық тұрғыдан мүмкіндіктер жасалып отырғаны көрсетілді. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған басым бағыттар бойынша арнайы экономикалық аймақтарды бекіту еліміздің жекелеген өңірлерінде академиялық ұтқырлықты күшейту арқылы жергілікті туризмді дамытуға мүмкіндік деп табылды. Еліміздің жекелеген өңірлерінде халықаралық университеттік кампустарды құру туризмнің дамуында маңызды рөл атқарады деген болжам жасалды. Нәтижесінде, Қазақстанның өңірлеріндегі туристік және тарихи ескерткіштер, табиғи қорықтар дамытылып, өңірлердің экономикасы мен халықтың әлеуметтік, білім және мәдени жағдайы дұрысталады деген ұсыныстар жасалды. Бұл тұжырымдардың негізінде Қазақстан Республикасының туризм және жоғары білім саласындағы негізгі стратегиясы мен заңнамасы дұрыс қалыптасып жатқанын көрсетіп отыр. Алайда, заңнама мен мемлекеттің саясатын жүзеге асыруда атқарушы билік пен жоғары оқу орындары тарапынан белсенді әрекеттер талап етілетінін көрсетіп отыр. Сонымен қатар, бұл жұмыстың нәтижелері осы тақырыптың төңірегінде зерттеу жасайтын ізденушілерге негіз болады деген ой бар.