ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӘДІЛЕТТІЛІК САНАТЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_72_1_81Кілт сөздер:
әділеттілік, әділеттілік қағидаты, азаматтық процестің қағидаттары, әділ сот талқылауына құқық, азаматтық процестің міндеттеріАңдатпа
Мақалада сот төрелігін жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормаларда әділеттілік идеясын қабылдау тұрғысынан халықаралық актілер мен ұлттық заңнаманың мазмұны талданады.
Іс жүргізу заңнамасын талдау әділеттілік категориясын заңнамалық тұрғыдан бекіту тәсілдеріндегі айырмашылықты көрсетті. Атап айтқанда, әр түрлі кодификацияланған іс жүргізу актілерінде әділеттілік категориясы негізінен: міндеттер, сот төрелігін жүзеге асыру сапасына қойылатын талаптар, норма-қағидат ретінде қарастырылатыны анықталды. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде (бұдан әрі-ҚР АІЖК) әділдік категориясын кеңінен қабылдау байқалмайды.
«Әділ сот талқылауына құқық» ұғымына қатысты автор ұлттық заңнамада бұл ұғым халықаралық актілерде бекітілгенімен, тіпті тәуелсіз баптармен реттелгенімен, қолданылмайтынын атап өтеді. Доктриналық дереккөздерге және халықаралық актілерге сілтеме жасай отырып, мақалада әділ сот талқылауына субъективті құқықтың түсінігі мен құрылымы қарастырылады.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша автор дербес қағидат, субъективті құқық және азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерінің бірі ретінде әділеттілік санатын бекіту арқылы ҚР АІЖК-нің жекелеген ережелерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдауға әрекет жасады. Сондай-ақ, «атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында әділеттілік қағидатын көздеу ұсынылады.
Сот жүйесінің жүргізіліп жатқан реформасын ескере отырып, мақалада ҚР АІЖК жекелеген баптарындағы әділеттілік санатын көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының жекелеген ережелері сыни тұрғыдан талданған.