ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ НЕГІЗІНДЕ ЕКІ ТІЛДІ ЗАҢНАМАНЫ ӘЗІРЛЕУДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР
DOI:
https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_63_5_186Кілт сөздер:
заңнаманың дәйектілігі мен сапасы, халықаралық юрисдикция, заң жобасын жасаудың үш моделі, мәтіндердің түпнұсқалығы, терминологиялық және аударма жұмысыАңдатпа
Мақалада заңнаманы екі тілде әзірлеудегі сапаның маңыздылығы мен дәйектілігі туралы кейбір өзекті мәселелері қозғалады. Автор заң жобасын жасау кезіндегі дәйектіліктің мәні айқындылықты арттыратынын атап өткен, өйткені тіл мен сөздер заң шығарушы мен тіл білімі аудармашысының жұмысында басты орын алады. Сондай-ақ, орыс тіліндегі мәтіннің және мемлекеттік тілдегі мәтін нұсқасының баламалылығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін екі тілді мәтіндердегі терминологияны, синтаксисті, идеяларды ұйымдастыруды және стильді қарастыру қажет.
Мақалада автор заңнама нұсқаларын жасау кезіндегі құқықтық салдардың бірдей болжамды болуы қаншалықты маңызды екенін атап өтеді. Мақаланың мазмұндық сипатының тағы бір ерекшелігі сапасы бір ерекшелігі – заңнаманы екі тілде әзірлеуде кездесетін әртүрлі модельдердің болуы: аударма, бірлесіп жасау немесе қосарланған модель түрлері. Сонымен қатар, мақалада шет елдердің, әсіресе Канада, Гонг Конг және Малайзияның салыстырмалы тәжірибесі келтірілген, онда Конституцияда барлық заңнамалық актілер ағылшын тілінде де, ана тілінде де жазылуы және қабылдануы керек және екі тіл де теңтүпнұсқалы мәтін болып табылатындығы туралы айтылған.
Мақалада екі тілді заңнаманы әзірлеу процесінде аудармашы мен лингвисттің бастапқы кезеңінде қатысуының маңыздылығы мен оларға орталық рөлдің беру керектігі атап өтілді. Қорытындысында, автор дәл түсіндіруді қамтамасыз ету және екі тілді заңнаманың жоғары сапалы нәтижелеріне қол жеткізу үшін бір заңның екі тіл арасындағы үйлесімділікті сақтауға шақырады.