ЗАРАБ ҒАЗИЗҰЛЫ ҚАЗИЕВТІ ЕСКЕ АЛУ

Авторлар

  • Рамазан Құмарбекұлы Сәрпеков

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_66_3_10

Кілт сөздер:

Зараб Ғазизұлы Қазиев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, құқықтық мониторинг, сотқа дейінгі өндіріс, саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту, ұлттық қауіпсіздік органдарының құрметті зейнеткері

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының полковнигі, Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрметті зейнеткері, Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық атқару заңнамасы бөлімінің бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Қазиев Зараб Ғазизұлының өміріне, кәсіби-практикалық және ғылыми қызметіне арналған. Мақалада З.Г. Қазиев өмірінің алғашқы кезеңі, оның ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясындағы, Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтындағы кәсіби қызметінің кезеңі сипатталған.

Мақалада Зараб Газизұлының ғалым ретінде қалыптасу жолы көрсетілген: кандидаттық диссертацияны қорғау, жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға қатысу, заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияларға оппонент болу, «профессор» ғылыми атағын алу, құқықтық мониторинг мәселелерін зерттеу, қылмыстық-процестік құқығы, жедел-іздестіру қызметі салаларында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.

З.Г. Қазиевтің мемлекет жүргізіп жатқан құқықтық реформалардағы рөлі – Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы «Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Жарлығын, 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-процестік кодексінің жобасын, 1997 жылғы 12 қарашадағы «Сот сараптамасы туралы» Заң жобасын әзірлеудегі рөлі атап өтілді. Зараб Газизұлының өміріндегі маңызды кезең төңкеріске қарсы және басқа да дұшпандық іс-әрекетте жаппай қуғын-сүргін жылдары айыпталған адамдарға, күштеп жер аударылған халықтар мен арнайы қоныстанушылардың ақталмаған құрбандарына қатысты мұрағаттық материалдарды зерделеу жөніндегі қызмет болды. З.Г. Қазиевтің құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершілік аймақтарын бөле отырып, үш буынды модельді енгізу мәселелерін сараптамалық бағалаудағы жоғары білікті рөлін ерекше атап өткен жөн.

Зараб Ғазизұлы өзінің еңбек жолында медальдармен және түрлі ведомстволық наградалармен марапатталды, көптеген марапаттауларға ие болды, ұлттық қауіпсіздік органдарының құрметті зейнеткері, 100-ден астам ғылыми, ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік еңбектердің авторы болды.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2021

##submission.howToCite##