НЕГІЗГІ МӘДЕНИ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІГІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_73_2_13Кілт сөздер:
адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтары, мәдени құқықтар, адам құқықтарын қамтамасыз ету тетігі, конституциялық құқықтар мен бостандықтарды іске асыру тетігі, адамның негізгі мәдени құқықтары мен бостандықтарын іске асырудың конституциялық-құқықтық тетігіАңдатпа
Адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтары жүйесінде мәдени құқықтар маңызды орын алады. Ұсынылған мақаланың өзектілігі тұтастай алғанда мемлекеттің мәдени даму мәселелеріне, жеке тұлғаның мәдени құқықтары мен бостандықтарына, атап айтқанда жұртшылық пен мемлекеттің тиісті органдары тарапынан назар аударуды күшейту қажеттілігімен байланысты. Кез-келген халықтың мәдениеті өзіндік ерекшелігімен, формасы мен мазмұны бойынша белгілі бір белгілерімен ерекшеленеді. Мәдени құқықтарды теориялық тұрғыдан түсіну мәселесі конституциялық құқық ғылымында да, мемлекет және құқық теориясы мен тарихында да зерттеу тақырыбына айналады. Біздің мемлекетіміз бен қоғамымызда мәдени құқықтарды іске асыру үшін, оның ішінде мәдениет пен сабақтас салалардағы қатынастарды заңнамалық реттеуді дамыту арқылы барлық қажетті жағдайлар жасалуы тиіс. «Адам құқықтарын қамтамасыз ету механизмі» санатында әлі нақты түсініктеме жоқ. Мақалада талданатын санат әртүрлі көзқарастардан қарастырылады және тетік құқықтық реттеудің, заң шығарудың, заңды мінез-құлықты қалыптастырудың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын іске асырудың, адам құқықтарын қамтамасыз етудің, адам мен азаматтың негізгі құқықтарын қорғаудың, оңалтуды қамтамасыз етудің белгілі бір элементтерінің жиынтығы ретінде ерекшеленеді. Айта кетейік, халықаралық деңгейде әмбебап сипаттағы да, өңірлік сипаттағы да көптеген халықаралық құқықтық актілер қолданылады. Өкінішке орай, Мәдениет құқықтарының дербес декларациясы әлі қабылданған жоқ. Авторлар мәдениет саласындағы қатынастарды, атап айтқанда жеке тұлғаның мәдени құқықтарын құқықтық реттеуді үйлестіру, рухани-мәдени компоненттің беделін арттыру үшін үлкен маңызы бар құжатты бекітуді ұсынады.