КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНДА (ОҢТҮСТІК КОРЕЯ) КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_74_3_169Кілт сөздер:
Конституциялық Сот, Оңтүстік Корея, конституциялық-құқықтық қорғау, құқықтық саясат, қорғау субъектілері, қорғау объектілері, Оңтүстік Корея КонституциясыАңдатпа
Мақаланың зерттеу нысанасы Корея Республикасының (Оңтүстік Корея) тарихи заңдылықтары мен мемлекеттегі қазіргі саяси-құқықтық жағдайын ескере отырып, Конституциялық Сотының қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері болып табылады. Корея Республикасының ресми конституциялық құқықтық доктринасының маңызды аспектілері зерттелді. Конституциялық-құқықтық қорғау функциясын іске асыратын Корея Республикасы Конституциялық Сотының тиімділігі құқықтық реттеуді дамыту және конституциялық бақылаудың аса маңызды субъектілерінің (Конституциялық Соттың және басқалардың) қызметі тұрғысынан бағаланады. Зерттеудің анық нәтижелерін алу үшін авторлар жалпы ғылыми және арнайы әдістерден басқа бірқатар нақты құқықтық әдістерді (ресми-заңды, жүйелік-құрылымдық және салыстырмалы-құқықтық) қолданды, бұл Корея Республикасы Конституциялық Сотының конституциялық-құқықтық мән-жайын және қызметінің мазмұнын ашуға мүмкіндік берді. Зерттеудің жаңалығы Оңтүстік Корея конституционализмінің элементтерінің бірі – Корея Республикасының Конституциялық Сотының қалыптасуы мен дамуының пәндік сипаттамасында жатыр. Жалпы Корея Республикасының атап айтқанда, оның Конституциялық Сотының конституциялық-құқықтық дамуының жоғары деңгейі туралы қорытындылар жасалды.