«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ НЫСАНДАРЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Бағдат Қабылқадырұлы Нұрғазинов
  • Ерлан Серікұлы Әбілғазин

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_66_3_17

Кілт сөздер:

қоғамдық бақылау, мемлекеттік орган, қоғамдық кеңес, атқарушы билік, әкімшілік орган

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасында қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың өзекті мәселелеріне және оның мемлекеттік бақылау мен қоғамдық талқылаулардың ара-қатынасын ашуға арналған. Авторлар қоғамдық бақылау тұжырымдамасының, қағидаттарының, субъектілерінің мәселелерін қарастырды.

Бұл мақалада авторлар қоғамдық бақылаудың мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне әсерінің теориялық мәселелерін талдайды. Қоғамдық кеңестер мен қоғамдық бақылау тетіктерінің арақатынасының кейбір мәселелері ашылды. Талдау шеңберінде заң жобасының Тұжырымдамасы және «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды. Мақаланың авторлары Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бақылауды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу туралы қорытынды жасады.

Мақаланың авторлары қоғамдық бақылаудың негізгі мақсаты мемлекеттік органдар тарапынан құқықтар мен заңды мүдделерді бұзудың жолын кесу және оларға жол бермеу деп санайды. Азаматтардың мемлекет істерін басқаруға деген қызығушылығы барған сайын мемлекеттің ішкі процестеріне әсер етіп, азаматтарға олардың жұмысының тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік органдардың қызметін басқаруға және бағалауға мүмкіндік береді. Мақаланың авторларының пікірінше, қоғамдық бақылау құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды қалыптастырудың міндетті шарты, сондай-ақ елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.

Зерттеу нәтижесінде авторлар «қоғамдық бақылау» ұғымын мемлекеттік органдардың қызметінің қоғамның әлеуметтік және азаматтық бақылау сияқты басқа бақылау институттарымен ара-қатынатары арқылы ашады. Авторлар қоғамдық және азаматтық бақылау ұғымдарының эквиваленттілігі туралы қорытынды жасайды, қоғамдық бақылауды әлеуметтік бақылаудың бір түрі ретінде анықтайды, бұл азаматтардың заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру құралы ретінде қоғамдық кеңестер қызметінің бағыттарының бірі деп санайды.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2021

##submission.howToCite##

Нұрғазинов, Б. К., & Әбілғазин, Е. С. (2021). «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ НЫСАНДАРЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(66). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_66_3_17

Журналдың саны

Бөлім

Конституциялық және әкімшілік құқық