САЛАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТЕРМИНЖАСАМ ҚАҒИДАТТАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_72_1_224Кілт сөздер:
тілдік норма, салалық және салаларалық терминдер, терминнің нормативтілігі, терминжасам, терминологиялық өріс, сөзжасамдық үлгілерАңдатпа
Мақала ұлттық терминологиялық қорды жүйелеу, реттеу, жетілдіру, біріздендіру және ұлттық терминжасам қағидаттарын айқындап, салалық терминологияны дамыту мәселелеріне арналған.
Тіліміздегі әлі де зерттеп-зерделеуді қажет ететін ғылым мен техниканың түрлі салаларындағы терминдер, олардың жасалуы мен қалыптасуының теориялық және практикалық жақтары сөз болады. Қоғамдық өмірдің барлық саласына қолданылып жүрген қазақ терминдері мен ғылыми атаулардың жасалуын, олардың тілдік нормаға сәйкес келуін, аударма дәлдігі тұрғысынан қарастыру мәселесі өзекті. Осы орайда, қазақ тілін ғылыми жағынан жетілдіру, қолданылу аясын кеңейту ісінде салалық және салаларалық терминдер ғылыми-практикалық електен өткізуді қажет етері анық. Мақаланы жазу барысында салалық және салааралық терминдерді қалыптастыру және жүйелеу, терминдерді аудару, термин түзудегі ұстанымдар туралы терминология саласында жарық көрген еңбектер, ғылыми және ғылыми-көпшілік, ғылыми-анықтамалық әдебиеттер мен энциклопедиялық еңбектер, біртілді және екітілді сөздіктер пайдаланылды.