ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПРОЦЕССУАЛДЫ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖЕТІСТІК НЕМЕСЕ ҚОЛ ЖЕТПЕС ИДЕАЛ (ЕАЭО СОТЫНЫҢ ҮЛГІСІ НЕГІЗІНДЕ)

Авторлар

  • Венера Хамитовна Сейтимова

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_72_1_148

Кілт сөздер:

халықаралық іс жүргізу стандарттары, халықаралық іс жүргізу құқығы, интеграциялық құқық, ЕАЭО құқығы, ЕАЭО Соты, қаулыларға шағымдану, судьяның өздігінен бас тартуы, судьядан бас тарту, іс жүргізуді тоқтату

Аңдатпа

Мақала Еуразиялық экономикалық одақ құқығындағы сот төрелігінің көпшілікпен танылған қағидаттары мен бірыңғай процессуалдық стандарттарын енгізудің мәселелеріне арналған.

Халықаралық құқықтың жалпы процессуалды қағидаттарын тану мәселесіне ұлттық деңгейде де, халықаралық деңгейде де көптеген талқылаулар арналған. Сонымен қатар, процессуалдық стандарттар мәселесі ұлттық деңгейде жеткілікті дәрежеде реттелген болса, халықаралық процессуалдық құқықтың құқық жүйесіндегі орны туралы мәселе көптеген пікірталас тудыруда.

Мақаланың мақсаты – халықаралық іс жүргізу құқығының құқық жүйесіндегі орны мен мазмұнын, Еуразиялық экономикалық одақтың іс жүргізу құқығындағы сот төрелігін жүзеге асырудың көпшілікпен танылған қағидаттарын іске асырудың мәселелерін ғылыми еңбектерді, құқықтық-нормативті базаны және құқықты қолдану тәжірибесін талдау арқылы анықтау.

Автор халықаралық іс жүргізу құқығының құқықтық табиғатын зерттеп, халықаралық іс жүргізу құқығының құқық жүйесіндегі орны туралы отандық және шетелдік зерттеушілердің алуан түрлі көзқарастарын талдады. Еуразиялық экономикалық одақ Сотының құқық қолдану тәжірибесіне сот төрелігін жүзеге асырудың іргелі қағидаттарына негізделген соттық түсіндіру әдісімен Одақтың іс жүргізу заңнамасындағы бірқатар олқылықтарды толтыру тұрғысынан талдау жасалды.

Мақалада реттеу олқылықтарының орнын толтыру мақсатында іс жүргізу құқығы нормаларын сот қарауы арқылы түсіндіруге оң баға берілген, өйткені ол құқықтық анықтық қағидатына бағынады.

Автор судьяның өздігінен бас тарту институтына көңіл аударады, оны Сот құрамының саны мен кворумның сақталуы туралы Одақтың құқықтық нормаларының қолданыстағы құрылымы ескерілсе жүзеге асыру мүмкін емес. Еуразиялық экономикалық одақ құқығында судьяның бас тарту институтының жоқтығы сот төрелігін жүзеге асыруда бейтараптық принципін сақтау және осы институтпен Одақ құқығының толықтырылу қажеттілігі тұрғысынан бағаланды.

Автор халықаралық іс жүргізу стандарттарын үйлестіру, олардан дербес құқық саласын құру бірыңғай рәсімдік-процессуалды құқық институттарының түрлі халықаралық құқықтық жүйелерге қарқынды енуіне арқау болады деп есептейді.

##submission.downloads##

Жарияланды

24.03.2023

##submission.howToCite##

Сейтимова, В. Х. (2023). ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПРОЦЕССУАЛДЫ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖЕТІСТІК НЕМЕСЕ ҚОЛ ЖЕТПЕС ИДЕАЛ (ЕАЭО СОТЫНЫҢ ҮЛГІСІ НЕГІЗІНДЕ). «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(72). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_72_1_148

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану