ҚАЗАҚСТАНДА ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАН 30 ЖЫЛДАН КЕЙІН
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_66_3_26Кілт сөздер:
зайырлы мемлекет, мемлекет пен дін қатынастары, діни бірлестіктер, конфессиялар, миссионерлерАңдатпа
Мақала қазіргі Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды дамыту мәселелеріне арналған. Автор Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастағы негізгі өзгерістерді ашып көрсетеді. Мемлекет дін саласындағы қысым саясатынан бас тартты, діни бірлестіктердің қызметіне түрлі тыйымдар жойылды. Сонымен қатар мақалада дін саласындағы мемлекеттік саясаттың даму кезеңдері ұсынылған. Бірінші кезең діни бірлестіктер санының өсуімен, ғибадат үйлерін салумен сипатталады. Дін бостандығы және діни бірлестіктер туралы заң қабылданып, ол либералды сипатта болды және дін бостандығына тыйым салулар мен шектеулер жоқ.
Мемлекет пен дін қатынастарының келесі кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қорғау қажеттілігін ескере отырып, діни бірлестіктердің қызметін, діни нанымдарды, әдебиеттерді таратуды, діни бірлестіктер мен миссионерлерді тіркеуді ретке келтірген діни қызмет туралы жаңа заң қабылданды.
Мақалада әртүрлі авторлар жасаған мемлекеттердің жіктелуі көрсетілген. Зайырлы, діни, атеистік мемлекеттер сипатталған. Автор шет елдердегі мемлекет пен діни бірлестіктердің қарым-қатынасына талдау жасады және мемлекет идеологиясының, ұлттық заңнаманың және оны шет елдерде қолдану практикасының әртүрлі аспектілерін ескеретін мемлекеттердің жіктелуін ұсынды.
Автор зайырлы мемлекеттердің әртүрлі модельдерін қарастырды. Зайырлы елдердегі мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды талдау әрбір ел өзінің зайырлылық моделін айқындайтынын көрсетті. Көптеген елдерде бір немесе бірнеше конфессияға мемлекеттен қаржылай және басқа да көмек түрінде қолдау көрсетіледі. Бұл елдердің аталған саясаты осы конфессиялардың ұзақ уақыт бойы қоғамда маңызды рухани рөл атқаратынын, халыққа маңызды әлеуметтік көмек көрсететінін, жастар арасында тәрбие жұмыстарымен айналысатынын, үйсіздерге арналған түрлі баспаналарды ұстайтынын және басқа да қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратынын ескере отырып қалыптастырылған.
Түркия Республикасындағы, Ресей Федерациясындағы, Еуропа елдеріндегі мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың ерекшеліктері ашылады.
Қазақстандағы мемлекет пен діни бірлестіктер қатынастарының моделі ашылады. Ең алдымен зайырлылық мәселелерін қамтитын Дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасының қажеттілігі туралы мәселе қаралуда.