ҚР АК-НІҢ «АДАЛ АЛУШЫДАН МҮЛІКТІ ТАЛАП ЕТІП АЛДЫРУ» ДЕГЕН 261-БАБЫНА КЕЙБІР ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР

Авторлар

  • Камал Қанатқалиұлы Сабиров

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_66_3_44

Кілт сөздер:

адал алушы, титулдық меншік иесі, азаматтық кодекс, азаматтық заңнама, мүлікті талап етіп алдыру

Аңдатпа

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (ҚР АК) 261-бабы адал алушыдан мүлікті талап етіп алдыру мәселелерін реттейді. Белсенді азаматтық айналымда бір адам кейбір құқықтық қатынастарда меншік иесі және басқаларында адал алушы бола алады. Азаматтық айналым тұрақтылығының кепілі тараптар мүдделерінің теңгерімін сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасының қазіргі замандағы азаматтық заңнамасы жоғалған немесе ұрланған заттарды ғана виндикациялаумен шектелмейді. ҚР АК-нің 261-бабында меншік иесінің өзінің иелігінен оның еркіне қарсы шыққан кез келген затты талап етіп алдыру мүмкіндігі көрсетілген. Алайда, титулдық меншік иесінің де, адал алушының да құқықтарының әділ сақталуын қамтамасыз ету тұрғысынан норманы түсіндіру кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Өкінішке орай, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы адал алушылардың құқықтарын қорғауға әрдайым қабілетті бола бермейді.

Осының бәрі азаматтық айналымға қатысушыларды тең емес жағдайға қояды. Титулдық меншік иелері мен адал алушылар арасындағы сот даулары соңғылардың нақты қорғалмауын анықтайды. Бұл ретте жылжымайтын мүлік жағдайында адал алушы мемлекеттік тіркеудің заңда белгіленген барлық рәсімдерін адал жүзеге асырған тарап болып табылады. Азаматтардың сатып алынатын мүлікке құқықтарын қорғауға деген сенімі болмағандықтан, барлық азаматтық айналымға тұрақсыздық қаупі түседі.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, азаматтық кодекс нормасын түсіндіру, оны қолдану практикасын талдау өзекті мәселе болып қала береді.

Ұсынылған мақалада ҚР АК 261-бабының талаптарын практикада қолданудың кейбір проблемалық мәселелеріне жан-жақты және объективті түсініктеме беруге әрекет жасалады. Мақала тәжірибелі заңгерлерге, ғылыми қызметкерлерге және мүлікке құқықтардың ауысуының проблемалық мәселелерін зерттеушілерге ұсынылады.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2021

##submission.howToCite##

Сабиров, К. Қ. (2021). ҚР АК-НІҢ «АДАЛ АЛУШЫДАН МҮЛІКТІ ТАЛАП ЕТІП АЛДЫРУ» ДЕГЕН 261-БАБЫНА КЕЙБІР ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(66). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_66_3_44

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық