НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ҚҰҚЫҚТА ІСКЕ АСЫРУ
Кілт сөздер:
қолданыстағы құқық, нормативті-құқықтық акт, құқықтық саясат, ұлттық заңнама, нормашығармашылық іс-әрекеттер, сот-құқықтық реформа, құқықтық мәдениетАңдатпа
Нормативті актілер мен олардың заңи табиғаты жөніндегі білім құқық ғылымының методологиялық мәселелерін өңдеуде, ең алдымен, құқық ұғымы мәселесінде, және заң шығаруды реттеу мен дамыту тәжірибесінің неақты мәселелерін шешуде зор маңызға ие. Нормативті актілер жөніндегі білім заң шығаруды жүйеге келтіру тәжірибесімен де тығыз байланысты, ал соңғысы болса, өз кезегінде нормативті акті табиғаты туралы ғылыми қағидалар мен түйіндермен тікелей байытып тұрады. Құқық теориясында нормативті құқықтық акт өзінің жалпы түрінде құқық нормасынан тұратын компонетті мемлекеттік мекеменің ерекше түрде шығарған құжаты заңды нормалардан тұратын заң шығару қызметі субъектісі бұйрығы ретінде анықталады.