ҰЛЫБРИТАНИЯ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кілт сөздер:
Ұлыбритания, сот жүйесі, сот құрылымы, соттық- құқықтық, реформа, ЕОАңдатпа
Әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесі ретінде саналатын Ұлыбританияның сот төрелігін жүзге асыру бойынша көп ғасырлық дәстүрі қалыптасқан. Жүргізіліп келе жатқан реформаларға қарамастан Ұлыбританияның сот жүйесі, алуан түрдегі сот мекемелерінің, құқықтық нормалардың, дәстүрлердің күрделі кешенімен ерекшеленеді. Ұлыбританиядағы сот жүйесінің қалыптасуы бойынша көп ғасырлық тәжірибесі зерттеушілер үшін үлкен тәжірибелік маңызы бар дүние. Осы орайда, берілген мақалада ағылшын сот жүйесінің қалыптасу қағидаттары және құрылымына талдау жасалынады. ХХ ғасырдың екінші жартысында және Еуропалық Одаққа енгеннен кейінгі Ұлыбританияның сот құрылымындағы өзгерістердің негізгі үрдістері қарастырылады.