МЕКЕМЕЛЕРДІҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНЕ ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Авторлар

  • Советжан Арғынбайұлы Ынтымақов

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_66_3_53

Кілт сөздер:

заңды тұлға, мекеме, оралымды басқару құқығы, азаматтық-құқықтық жауапкершілік, міндеттеме, міндеттемені орындау, міндеттемені бұзғандығы үшін жауапкершілік, ақшалай жауапкершілік, коммерциялық емес ұйым, коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайы

Аңдатпа

Заңды тұлға ретінде коммерциялық емес ұйымдар азаматтық құқықтың толыққанды субъектісі болып табылады және өзінің әрекет қабілеттілігінің көлеміне сәйкесазаматтық құқықтарға ие болып, өзі үшін азаматтық міндеттер жүктеп, оларды орындай алады. Осының нәтижесінде коммерциялық емес ұйымдардаазаматтық-құқықтық жауапкершілік туындайды. Жалпы азаматтық- жауапкершілік институты кез-келген заңды тұлғаның құқықсубъектілігін тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін құқықтық құралдар арасында басты орындардың бірін алады деп айтуға толық негіз бар.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік институты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 20 тарауының жалпы ережелері бойынша реттеледі.Азаматтық жауапкершілік- бұл заңды жауапкершіліктің бір түрі екендігі белгілі, сондықтан да жауапкершіліктің бұл түріне құқықтық жауапкершілікке тән жалпы белгілерден басқа, өзіндік ерекшеліктер де тән. Мәселен, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің басты ерекшелігі оның мүліктік-қалпына келтіру (компенсация) сипатында болатындығында және де келтірілген зиян мен жауапкершілік көлемінің шамалас болуымен сипатталады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік - борышкер үшін тиімсіз салдар тудыратын мүліктік сипаттағықұқықтық ықпал ету шарасы болып танылады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің өзекті мәселелері кеңестік кезеңнің де, қазіргі заманның да көптеген жетекші ғалымдарының назарында болып, айтарлықтай жан-жақты зерттелген тақырыптардың бірі деп айтуға болады. Дегенмен, уақыт өте келе осы салада іргелі зерттеулердің болғанынақарамастан азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің, соның ішінде заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі мәселелері өзекті сипатқа ие бола бастады, олар негізінен құқық қолдану процесінде де едәуір проблемалар туындатып жатқаны мәлім.

Осы айтылғандар, әрине бұл тақырыптың өзектілігін айқындайтын маңызды факторлар болып табылады. Мақалада Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасына сәйкес коммерциялық емес ұйым болып табылатын мекеменің шарттық міндеттемелері бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігіне қатысты кейбір өзекті құқықтық-теориялық мәселелер сараланған. Мақалада сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар жүйесіндегі мекемелердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің негізгі үрдістері мен кейбір құқықтық мәселелерді шешу жолдары қарастырылады.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2021

##submission.howToCite##

Ынтымақов, С. А. (2021). МЕКЕМЕЛЕРДІҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНЕ ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(66). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_66_3_53

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық