ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ

Авторлар

  • Қуат Хажумұханұлы Рахимбердин
  • Максим Ростиславович Гета

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_66_3_62

Кілт сөздер:

Заң, Қазақстан, профилактика, алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, әйелдер, жаза, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту

Аңдатпа

Оқырмандар назарына ұсынылып отырған мақала Қазақстан Республикасы заңнамасының құралдарын пайдалану негізінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерінің кешеніне арналған. Бұл проблема бірқатар халықаралық құқықтық актілерде және Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында жария етіледі. Мақалада тұрмыстық зорлық – зомбылыққа, ең алдымен әйелдер мен балаларға сексуалдық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылға Мемлекет басшысы-Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаев көп көңіл бөлетіні атап өтілген. Конституциялық-құқықтық іргетаспен, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды заңнамалық реттеу шараларымен тығыз байланыс көрсетіледі.

Мақала авторлары криминологиялық ғылымның әдіснамалық тәсілін пайдалана отырып, "тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы" ҚР Заңының ережелері, оның міндеттері мен қағидаттары, мазмұндық "архитектурасы", тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары, оларды қолдану негіздері бойынша егжей-тегжейлі және жүйелі, доктриналық және құқықтық талдау жүргізеді. Олар "тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы" ҚР Заңы бірқатар артықшылықтарына қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың тиімді ұйымдастырушылық-құқықтық тетігін құра алмады деген қорытындыға келеді. Авторлар Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасының шиеленісуіне коронавирус пандемиясы ықпал еткенін алаңдаушылықпен атап өтті.

Мақаланың негізгі арқауы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыруға және жүйелі кемшіліктер мен олқылықтарды анықтауға, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды заңнамалық реттеуге құқық қорғау жүйесін бағдарлаудағы Қазақстанның саяси басшылығының рөлін жоғары бағалау болып табылады. Осыған байланысты, мақалада тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құқықтық маңызды белгілерін неғұрлым дәл анықтауға, оның алдын-алу шараларының мазмұнын жақсартуға және оларды қолдану алгоритміне, заң шығарушы мен құқық қолдану практикасына қатысты түпнұсқа авторлық ұсыныстар берілген. Мақалада тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу аспектісінде отандық криминология мен деликтологияны дамыту үшін маңызды тұжырымдар мен ережелер бар.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2021

##submission.howToCite##

Рахимбердин, К. Х., & Гета, М. Р. (2021). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(66). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_66_3_62

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс