СУДЬЯНЫҢ, АЛҚАБИЛЕРДІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖӘНЕ СОТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН КЕПІЛДІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_72_1_108Кілт сөздер:
сот төрелігі, судья, судьялар тәуелсіздігінің кепілдігі, алқабилер, судьяны сайлау, қызметке тағайындау, оның өкілеттігін тоқтату және тоқтата тұру, судьяның кәсіби қызметін бағалау жүйесі, сот төрағасының ұйымдастырушылық-басқарушылық өкілеттігі;, судьяның көмекшісіАңдатпа
Судьялардың тәуелсіздігі сот төрелігінің маңызды элементі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы сот төрелігін судьялар мен алқабилер атқарады. Сондықтан олардың қол сұғылмаушылығы бұл субъектілердің тәуелсіздігінің маңызды кепілі болып табылады.
Судьялар мен алқабилердің қол сұғылмаушылығы аталған адамдардың барлығының өміріне, денсаулығына және мүлкіне қол сұғудың нақты қаупі болған кезде олар, олардың отбасы мүшелері және жақын туыстары қауіпсіздік, құқықтық және әлеуметтік қорғау шараларымен қамтамасыз етіледі.
Алқабилерге психологиялық әсер етудің және оларда теріс пікірдің қалыптасудың алдын алу мақсатында автор судьяға алқабилермен дәлелдемелерді талқылауға немесе іс туралы пікір айтуға тыйым салу қажеттілігін негіздейді.
Судьяның тәуелсіздігінің тағы бір маңызды кепілі заңда белгіленген қызметке сайлау, тағайындау тәртібі болып табылады. Қолданыстағы тәртіп сот отырыстарының сапалық құрамы және олардың жұмыс қағидаттары халықаралық стандарттарға қайшы келетін орталықтандыру қағидаттарына негізделген. Бұл кепілдікті қамтамасыз ету ашық, объективті тәсілге негізделуі тиіс.
Автор судья корпусын қалыптастыратын органның тәуелсіздігіне негізделген судьяның қызметін бағалаудың аппараттық бақылаудан алқалы жүйеге көшу қажеттігін және судья лауазымына кандидаттарды іріктеу процесінде қабылданатын шешімдердің объективтілігіне заңға қосымша кепілдіктер енгізу қажеттігін дәлелдейді.
Мақалада судьялардың өз басшыларына тәуелділігін болдырмау үшін сот төрағаларының жекелеген ұйымдық өкілеттіктерін беру және алып қою қажеттілігі негізделеді.
Судьяны техникалық жұмыстан босату мақсатында сот төрелігі мәселелерін неғұрлым сапалы шешу үшін мақалада судья көмекшісінің мәртебесін, міндеттері мен жауапкершілігін қарастыру ұсынылады.