ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
Кілт сөздер:
кәсіпкерлік, шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолда, шағын, орта, ірі кәсіпкерлік субъектілері, дербес кәсіпкерлерАңдатпа
Халықаралық тәжірибе көрсететініндей, мемлекеттік қолдау шараларынсыз шағын бизнес субъектілері банкроттыққа ұшырайды, өйткені олар барлық нарықтық өзгерістер мен күйзелістерге әлсіздеу болып келеді. Сонымен қатар шағын бизнес экономика саласында тұрақтандыру функциясын атқарады, нақты саланы құруға және қолдауға жағдай туғызады, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін оның барлық қатысушыларына тең мүмкіндікер қамтамасыз етеді. Қазіргі жағдайда біздің елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған неғұрлым қолайлы жағдай жасау үшін экономикалық та, әкімшілік те сипаттағы барлық шаралар кешенін қолдану қажет.