АВТОМОБИЛЬ ӨНЕРКӘСІБІ ЗАУЫТТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ТҰРҒЫСЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Марат Алданғорұлы Сәрсембаев

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_65_2_108

Кілт сөздер:

автоөндіріс, цифрландыру, локализация, бренд, электромобиль, автокомпоненттер

Аңдатпа

Бұл мақала қазіргі заманғы автомобиль өнеркәсібінің мәселелерін талдауға және оларды қазақстандық және халықаралық құқық нормалары арқылы шешуге арналған. Мақала тақырыбын ашу ТМД кеңістігінде ең көрнекті автомобиль құрастырушылар болып табылатын Қазақстан, Ресей және Өзбекстан мысалында олардың көрсеткіштері мен құқықтық көздерін салыстыру, олардың көрсеткіштерін автомобиль өндірісінің әлемдік көрсеткіштерімен салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Автоөнеркәсіптің мәселелерін шешу үшін мақала авторы Қазақстанда ғана емес, индустрияландыруға, оның ішінде автомобиль өнеркәсібіне қатысы бар басқа елдерде де өнеркәсіптік саясат туралы жаңа заңды жедел қабылдауды ұсынады. Осындай заңды қабылдағаннан кейін ел өзінің автоөнеркәсіптік қозғалысының векторы туралы түсінік алады. Өз шешімін талап ететін тағы бір мәселе автоөнеркәсіп саласына цифрландыруды енгізу қажеттілігі болып табылады, оны аттас заң қабылдау арқылы, сондай-ақ дамыған елдермен Қазақстанда және басқа елдерде автоөндірісті цифрландыру бойынша тәжірибе беру туралы мемлекетаралық шарттар жасасу арқылы шешуге болады. Өзбекстанда, Қазақстанда және басқа да бірқатар елдерде автомобиль өндірісі өнеркәсіптік құрастыру негізінде болғанлықтан, елдің автомобиль өнеркәсібі мен сабақтас салаларында локализация орнын (жергілікті қамтуды) кеңейту мәселесі туындап отыр. Бұл мәселені локализация заңы, ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық шарттар негізінде дамыған елдердің өз мамандарын жергілікті орында оқыту үшін жіберу арқылы шешуге болады.

Мақалада автоөнеркәсіптің мәселелері төртінші өнеркәсіптік революцияның талаптарымен байланыстырылып көрсетілген, жасанды интеллект негізінде автоөндірісті цифрландыру, роботтандыру, автоматтандыру жолдары бойынша автомобиль жасауды дамытудың перспективалы жолдары көрсетілген.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2021

##submission.howToCite##

Сәрсембаев, . М. А. (2021). АВТОМОБИЛЬ ӨНЕРКӘСІБІ ЗАУЫТТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ТҰРҒЫСЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(65). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_65_2_108

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану