PHD М.Ж. КУЛИКПАЕВАНЫҢ «ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ ТҰРҒЫСЫНДА ЖЕКЕ ӨМІРГЕ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМЫНА ҚАЙТА ОРАЛҒАНДА

Авторлар

  • Айгерим Мангаздаровна Айтуарова

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_72_1_267

Кілт сөздер:

адам құқықтары, халықаралық құқық, цифрландыру, жеке өмірге қол сұғылмаушылық, ; дербес деректер, киберқауіпсіздік

Аңдатпа

Бұл мақалада М.Ж. Қуликпаеваның 2017 жылы № 3 (48) «Қазақстан Республикасы Заңнама институтының Жаршысында» жарияланған «Цифрлық технологияларды дамыту тұрғысында жеке өмірге құқығын қамтамасыз етудің халықаралық-құқықтық негіздері» атты мақаласы талданады.

Қазіргі әлемде цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы ақпарат пен коммуникация саласында сөзсіз артықшылықтар әкеледі, бірақ сонымен бірге ол жеке өмірге араласудың кең мүмкіндіктерімен қатар жүреді, бұл өз кезегінде оны сенімді қорғаудың кепілдіктерін қамтамасыз ету үшін тиімді шаралар қабылдауды талап етеді.

Мақалада халықаралық және ұлттық құқықтағы адамның негізгі құқығы ретінде жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығының табиғаты мен мазмұны ашылады.

Мақала авторы цифрландыру жағдайында әмбебап халықаралық және аймақтық актілерді, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау саласындағы ұсынымдық сипаттағы құжаттарды зерттеді. Жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығы туралы мәселе бойынша БҰҰ Арнайы баяндамашысының мандаты жеке қаралды. Сонымен қатар, Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, цифрлық технологияларды дамыту тұрғысынан адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету саласындағы ұлттық саяси және стратегиялық құжаттар мен құқықтық актілер зерделенді.

Өз мақаласында М. Ж. Куликпаева цифрлық технологияларды дамыту жағдайында адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудің маңызды мәселелерін көтереді, атап айтқанда: дербес деректермен жұмыс істейтін ресми және бейресми сайттардың киберқауіпсіздігінің әлсіз деңгейі; елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында білікті мамандардың болмауы; цифрлық технологиялардың дамуына тұрақты мониторинг, есепке алу және бақылау жүйесінің болмауы және т. б.

М.Ж. Куликпаеваның мақаласында қозғалған цифрлық технологияларды дамыту тұрғысынан адам құқықтарын қорғауды халықаралық-құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бүгінгі күнге дейін өзекті болып табылады және Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіруді талап етеді.

##submission.downloads##

Жарияланды

24.03.2023

##submission.howToCite##

Айтуарова, . А. М. (2023). PHD М.Ж. КУЛИКПАЕВАНЫҢ «ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ ТҰРҒЫСЫНДА ЖЕКЕ ӨМІРГЕ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМЫНА ҚАЙТА ОРАЛҒАНДА. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(72). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_72_1_267