ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КЕЙБІР ТЕРМИНДЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ОРАЙ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_73_2_222Кілт сөздер:
қазақ тілі, бекітілген терминдер, терминология комиссиясы, салалық терминдерАңдатпа
Негізі, терминдер ғылым, техника, өнер және адам өмірі тіршілігінің басқа да салаларында қолданылатын тұжырымдаманың атауы болатын сөз немесе сөз тіркесі. Бұл салалардағы терминдер жүйелі түрде қалыптасып, терең мағыналы болып дәл көрсетілсе ғана олардың мақсатының орындалғаны. Терминдік жүйенің дамуы белгілі бір саланы зерттеу кезінде оны тұрақты қолдануға, жаңа қорытынды жасауға көмегін тигізетіні сөзсіз. Қазіргі ғылымда терминдерді қалыптастыруда бірталай жетістіктер баршылық. Оның бірталайы орнығып, қолданылып келеді. Ал кейбір кезде мән берілмей не еленбей қалғандарын жаңадан қарап, орнымен қолдану келешектегі міндет болып табылатыны хақ. Соңғы кездерде қазақ тіліндегі терминдер ғылымның дамуына байланысты одан әрі дамып, толыға түсті. Алайда бұл салада атқарылатын істер аз емес. Бүгінгі таңда ғылыми ұғымдардың қазақ тілінде мағынасын тереңірек ашып жеткізетін және өзі жатық, құлаққа жағымды, көпшілік жақсы қабылдайтын терминдерді әлі де көптеп қалыптастыру қажет екендігі белгілі. Осы тұрғыда белгілі бір терминдердің түсіндірмесі аясында пікірталас туындайтыны жасырын емес.
Осыған байланысты қазақ тілінде қолдану үшін бекітілген көптеген терминнің ішінде кейбіреулерінің ғана мәселесі көтеріледі, себебі бір жарияланым шеңберінде бүкіл терминдер жүйесін қарастырып, олардың мән-мағынасы мен сипаттамасын тереңірек ашып түсіндіру мүмкін емес. Атап айтқанда, информатика және есептеуіш техника саласына жататын «архивированный формат – RAR, ZIP» терминін және іс жүргізу және мұрағат ісі саласына жататын бірнеше терминді аудару кезінде жол берілген кемшіліктерге сипаттама беріледі.
Мұндағы түпкі мақсат қазақ тіліндегі терминдерді бекіту кезінде екі тілдің де тілдік ерекшеліктерін ескеріп, терминдерді одан әрі жетілдіру бойынша жасалатын жұмыс барысында оған баса назар аудару болып табылады.