ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАРСЫ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_75_4_150Кілт сөздер:
зорлық-зомбылық қылмыстары, тұрмыстық зорлық-зомбылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық факторлары, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру, гендерАңдатпа
Бұл мақала Қазақстандағы әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықты нормативтік және статистикалық талдауына негізделген. Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін шешуде мемлекет алдында тұратын факторлар мен кедергілерге ерекше назар аударылады. Бүгінгі шындыққа сүйенсек әйелдерге қатысты әртүрлі факторларға байланысты әртүрлізорлық-зомбылық түрлері қолданылады. Сонымен қатар, соңғы жылдардағы зерттеулер әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық себептеріне бірыңғай көзқарастың жоқтығын көрсетеді.
Әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қылмыстық-құқықтық қорғау билік органдарына байланысты және үш міндетті шешу арқылы құрылады деп көрсетілген: әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейту; мамандандырылған полиция бөлімшелерін нығайту; жәбірленушілермен жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарау. Зерттеу ұлттық, аймақтық және жаһандық деңгейдегі әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қолданыстағы әзірлемелерге, фактілер туралы хабардар болуға және тәжірибеге негізделген.
Нәтижелер Қазақстан Республикасы онжылдықта отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылғанын көрсетеді. Елімізде, әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесінде әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып, осы процеске қатысатын азаматтық қоғамның, ҰЕҰ мен азаматтық белсенділердің, оның ішінде қоғаммен ақпарат беру мен диалогтың күшті қатысуы байқалады. Дегенмен, бұл әйелдердің өмірін, денсаулығын және дене бітіміне қол сұғылмаушылығын Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық көріністерінен қорғаудың қолданыстағы әдістемелерін талдау әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құқық қорғау, мемлекеттік органдар, сондай-ақ азаматтық қоғам институттары қолдануы үшін неғұрлым жетілдірілген нысандарды, әдістер мен шараларды әзірлеу қажеттігін көрсетеді.Сондай-ақ, қылмыстардың негізгі бөлігінен отбасылық және тұрмыстық негіздегі қылмыстарды бөлудің нақты критерийлерін әзірлеу қажет.