ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІНІҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ШЫҒАРАТЫН ҚАУЛЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ КҮШІН ЖОЮДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Зарина Нурбековна Аманжолова КазГЮУ

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_75_4_232

Кілт сөздер:

COVID-19 коронавирустық инфекциясы, төтенше жағдай, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер, қаулы

Аңдатпа

COVID-19 коронавирустық инфекциясымен халық жаппай ауруына байланысты енгізілген төтенше жағдай кезінде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігермен шығарылған қаулылардың негізінде Қазақстан территориясында жеке және заңды тұлғалардың бірқатар азаматтық құқықтары шектелді. Мақала аясында бұл шектеуге негіз болған қаулылардың құқықтық табиғаты COVID-19 пандемиясына дейінгі және кейінгі тәжірибені негізге ала отырып зерттелді.

Автормен ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің құзыретінің шегін белгілеу барысында оның төтенше жағдайдың енгізілуіне дейінгі құзыреті анықталды. Нақтырақ айтылса, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесінде коронавирустық инфекциясының болмауы, алайда Бас мемлекеттік санитариялық дәрігермен қабылданған қаулыларының заңдылығы оның құзыретіне сәйкестігі айқындалды.

Сонымен қатар, мақала аясында Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерімен қабылданған қаулылардың құқықтық табиғаты оның қолданыс ұзақтығы мен қабылдану процесіне қарай сипатталды. Зерттеу барысында Бас мемлекеттік санитариялық дәрігермен қабылданған қаулылардың әділет органдарына тіркелмеуі және оның жиі күшін жою үрдісі зерттелді.

##submission.downloads##

Жарияланды

29.12.2023

##submission.howToCite##

Аманжолова , З. Н. (2023). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІНІҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ШЫҒАРАТЫН ҚАУЛЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ КҮШІН ЖОЮДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(75). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_75_4_232