ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ІСКЕ АСЫРУ РЕТІНДЕ "ҚАУІПСІЗ ҚАЛА" ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ

Авторлар

  • Багдат Тлектесқызы Ауешова Университет Ш.Есенова

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_75_4_158

Кілт сөздер:

қауіпсіз қала,, қоғамдық қауіпсіздік,, басқарушылық тетік,, қоғамдық тәртіп,, құқықтық мемлекет,, құқық қорғау органдары,, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау,, ақпараттық қамтамасыз ету,, қауіпсіздік.

Аңдатпа

Бұл мақаланың өзектілігі «Қауіпсіз қала» жүйесін құру тұжырымдамасына талдау жүргізу арқылы  қалада қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған билік органдарының қызметінің тиімді тетіктері мен бағыттарын анықтаудан туындайды.

Қазақстанның қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің құқықтық және ақпараттық-құқықтық аспектілерін зерттеудің өзектілігі болып табылады. 

Мақаланың зерттеу әдістемесі жүйелі талдауға, бағдарламаның артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты анықтауға мүмкіндік беретін "Қауіпсіз қала" аппараттық-бағдарламалық кешенінің  SWOT-талдауын қолдануға негізделген.

Мақалада қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық-құқықтық аспектілері айқындалады. «Қоғамдық тәртіп» және «қоғамдық қауіпсіздік» ұғымдарының анықтамасына заңгерлердің көзқарастары талданады. «Қауіпсіз қала» автоматтандырылған-талдамалы жүйесін енгізу тәжірибесіне ерекше көңіл бөлінеді.

Аталған мақалада ірі қалаларда қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. «Қауіпсіз қала» жүйесін енгізу серпінінің халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігін арттыруға әсері талданады. 

Мақалада қоғамдық тәртіпті қорғау саласында ішкі істер органдары қызметтерін ұйымдастыру кезінде «Қауіпсіз қала» жүйесін қолданудың жаңа әдістемесі анықталған.  Оңтайлы әдістерді пайдалану негізінде Қазақстанның қоғамдық қауіпсіздігінің жаңа тұжырымдамасын жетілдіру үшін ұсыныстар жасалған, сонымен қатар «Қауіпсіз қала» жүйесінің сапасын және қолдану тиімділігін жақсарту бойынша ұсыныстар  әзірленген.

«Қауіпсіз қала» автоматтандырылған ақпараттық-талдамалы жүйесінің сапасы мен қолдану тиімділігін зерттеу  жүргізілген. Мәселенің оң шешімі үшін «Қауіпсіз қала» автоматтандырылған ақпараттық-талдамалы жүйесін қолдану, енгізу бойынша батыс елдерінің оң тәжірибесі талданады.

 «Қауіпсіз қала» автоматтандырылған ақпараттық-талдамалы жүйесін дамыту және енгізу бойынша мақсаттық бағдарламаны қаржыландыруды қамтамасыз етудің жүйесі қарастырылылған.  Ірі қалаларда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тиімділігін арттыру мәселесін қазақстандық және шетелдік зерттеушілер тарапынан әр түрлі көзқараста зерттелген.  

##submission.downloads##

Жарияланды

29.12.2023

##submission.howToCite##

Ауешова, Б. Т. (2023). ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ІСКЕ АСЫРУ РЕТІНДЕ "ҚАУІПСІЗ ҚАЛА" ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(75). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_75_4_158