КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕНІ ЖАСАМПАЗ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Авторлар

  • Венера Төлеутайқызы Конусова

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_73_2_193

Кілт сөздер:

Конституциялық мониторинг, мониторинг, конституция, конституционализм, құқықтық мониторинг

Аңдатпа

Мақала Қазақстанда конституциялық мониторингті дамытудың перспективалары мен алғышарттарын зерделеуге арналған. Конституциялық мониторинг ұлттық құқықтық жүйедегі кемшіліктерді анықтаудың және оны жақсарту бағыттарын айқындаудың тиімді құралы ретінде қарастырылады. Конституциялық мониторингті енгізудің қолданыстағы алғышарттарын сипаттау үшін автор соңғы конституциялық реформаның мысалына және оның үдемелі дамуы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін мониторингті дамыту генезисіне жүгінеді. Мақалада конституциялық мониторинг жүргізудің объектісін, өлшемшарттары мен әдіснамасын, сондай-ақ оны жүзеге асыру және Қазақстанда мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін айқындау ұсынылады. Автор басқа елдер мен халықаралық ұйымдардың тәжірибесін ескеруді, конституциялық мониторингтің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуді, айқын өлшемдер мен индикаторларды белгілеуді, тәуелсіз сарапшылар мен азаматтық қоғамды тартуды ұсынады. Конституциялық мониторинг объектісін қолданыстағы құқық пен құқық қолдану практикасын қамтитын кең мағынада қарау ұсынылады. Конституциялық мониторинг жүргізу критерийлерін БҰҰ мен Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясының тәсілдері негізінде айқындау ұсынылады, ал критерийлерді талдау және бағалау әдістемесі халықаралық тәжірибеде өзін дәлелдеген өлшеу құралдарының негізінде әзірленуі мүмкін, мысалы, құқық үстемдігі индексі немесе сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі және т.б. Қорытындылай келе, автор жүйелі Конституциялық мониторинг елдің құқықтық жүйесінің тұрақтылығы мен үдемелі дамуына қол жеткізу үшін қажетті шарт болып табылатынын атап көрсетеді.

Мақала бірнеше аудитория үшін әлеуетті құндылыққа ие. Біріншіден, Қазақстанның құқықтық жүйесін жақсартуға ұмтылатын құқықтық саясатты әзірлеушілер мен заң шығарушылар оның ұсынымдарын тиімді стратегияларды әзірлеу үшін пайдалана алады. Екіншіден, бұл мақала студенттер, заңгер ғалымдар, құқық қорғаушылар және құқықтық мәселелерге қызығушылық танытқандар үшін пайдалы болуы мүмкін. Ол Қазақстан контекстінде конституциялық мониторингті дамыту перспективалары туралы неғұрлым құрылымды түсінік алуға, сондай-ақ осы үдерісте қазіргі заманғы халықаралық стандарттар мен практикаларды қолдану жөніндегі ұсынымдарды алуға көмектеседі.

##submission.authorBiography##

Венера Төлеутайқызы Конусова

заң ғылымдарының кандидаты

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2023

##submission.howToCite##

Конусова, В. Т. (2023). КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕНІ ЖАСАМПАЗ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(73). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_73_2_193