LEGAL REGULATION OF MEDIATION IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

Авторлар

  • Сергей Иванович Климкин НИИ частного права Каспийского университета
  • Асель Габиденовна Казбаева

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_73_2_183

Кілт сөздер:

медиация, медиатор, медиаторлар ұйымы, дау (жанжал), шарт, сот, төрелік

Аңдатпа

«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК Заңнаманың тиімділігін талдау бөлімі «Қазақстан Республикасында заң жобалау қызметін ғылыми қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу жүргізуде.

Осы зерттеу шеңберінде Қазақстан Республикасының құқықтық саясатын іске асыруға ықпал етуі тиіс заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу жөніндегі мәселелер қаралады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Стратегия-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» және «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» Жолдауын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі құқықтық реттеудің әртүрлі салаларындағы заңнаманы дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жұмысына құқықтық қолдау көрсету, сондай-ақ Мемлекет басшысы тапсырмаларының іс жүзінде іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында заң жобалау қызметін ғылыми қамтамасыз ету мәселесін пысықтау қажет.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өзінің Қазастан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты келесі Жолдауында (01.09.2021 ж.) іргелі ғылыммен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарын тікелей қаржыландыруды енгізуді тапсыра отырып, ғылымды норма шығармашылығына тарту жөніндегі ниетін бекітті.

Бұл мақала Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 28 қаңтардағы № 401-IV «Медиация туралы» Заңының кемшіліктердің, қайшылықтардың, сәйкессіздіктердің, олқылықтардың бар-жоғы тұрғысынан тиімділігін, сондай-ақ оның қолданылуының орындылығы туралы мәселені талдауға арналған. Атап айтқанда, біз Қазақстан Республикасындағы медиацияны құқықтық реттеу мәселелерін қарастырдық. Дауларды (жанжалдарды) шешудің осы баламалы тәсілінің қалыптасуына қысқаша талдау жүргізілді. Медиация туралы Заңның заң күші анағұрлым жоғары нормативтік құқықтық актілермен арақатынасы қарастырылды. Заңның Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі мәселесі бойынша қорытындылар жасалды. Бұл мәселенің жекелеген қазақстандық зерттеушілерінің пікірлері пайдаланылды. Медиация туралы Заңды қолданудың әртүрлі тәжірибесіне ықпал ететін ақауларды анықтау үшін талдау мақалада маңызды орын алады.

##submission.authorBiography##

##submission.authorWithAffiliation##

Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат Институтының бас ғылыми қызметкері, Нархоз университетінің профессоры, Каспий университетінің Жеке құқық ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2023

##submission.howToCite##

Климкин, С. И., & Казбаева, А. Г. (2023). LEGAL REGULATION OF MEDIATION IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(73). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_73_2_183