ИСЛАМ ҚАРЖЫСЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАСЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ

Авторлар

  • Мәди Зайлағиұлы Кенжалиев Университет "Тұран"

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_75_4_241

Кілт сөздер:

Исламдық қаржыландыру , Исламдық банкинг , «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы , АХҚО

Аңдатпа

Әлемдегі екінші ең үлкен діни топ болғанымен, қазіргі таңда көптеген мұсылмандар исламдық қаржылық қызметтерге қол жеткізе алмайды. Ал исламдық қаржыландыру Батыстың заманауи қаржы секторымен салыстырғанда мұсылман халқы үшін моральдық балама болып табылады. Исламдық қаржыландырудың негізгі ерекшелігі бұл тәуекелдерді барлық тараптар арасында теңгерімді бөлуді және қаржы институттары тарапынан өсімқорлыққа тыйым салуды көздейді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының халқының басым бөлігі мұсылман болып табылғанымен, исламдық қаржыландырудың, оның ішінде исламдық банкингтің үлесі жалпы қаржы нарығының тек 1% ғана үлесіне ие. Осы орайда автор елімізде исламдық қаржыландыруды дамыту үшін Қазақстан Республикасында жеткілікті нормативтік-құқықтық база дайындалған деген қорытындыға келеді. Оның үстіне, талдау «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының (АХҚО) пайда болуымен және дамуымен жаңа және де заманауи құқықтық жүйе қалыптасты. Осылайша, еліміздің заңнамалық жүйесін талдай отырып және АХҚО қолданыстағы заңнамасымен ескеріп, сондай-ақ Ұлыбританиядағы исламдық қаржыландырудың құқықтық реттеумен салыстырмалы зерттеу жүргізе отырып, автор Қазақстан Республикасында исламдық қаржыландырудың дамуына кедергі болатын бір анық заңдық кедергі бар деп қорытындылайды.

##submission.downloads##

Жарияланды

29.12.2023

##submission.howToCite##

Кенжалиев M. Z. (2023). ИСЛАМ ҚАРЖЫСЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАСЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(75). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_75_4_241