ӨКІЛЕТТІК БОЙЫНША ЗАҢНАМАНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_74_3_40Кілт сөздер:
уақытша қаулы, өкілеттік берілген заңнама, заң, заң жобасы, заң шығарушы құзірет, Конституция, Парламент, ҮкіметАңдатпа
Бұл мақалада өкілеттік бойынша заңшығарушылық институты талқыланады. Көрші елдердің ғылыми әдебиеттерінде осы мәселе бойынша көптеген жарияланымдар болғанына қарамастан, бұл құқықтық институт отандық ғалымдармен іс жүзінде зерттелмеген. Бұл тақырыптың өзектілігі 2022 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясының 62 бабы, 2-тармағында көзделген қауіп төнген жағдайда, заң жобасын Парламентке бір мезгілде енгізумен, Үкіметтің заң күші бар уақытша қаулылар шығару құқығы туралы норманың енгізілуіне байланысты болып табылады. Бұл норма жаңа болғанымен, біздің елімізде өкілеттік бойынша заң шығару тәжірибесі бар. Ол 1993 жылғы 28 қаңтардағы Республика Конституциясы Жоғарғы Кеңесті жалғыз заң шығарушы орган ретінде танылғанымен, XIII сайланған Жоғарғы Кеңес таратылғаннан кейін 1995 жылы сәтті қолданылды. Алайда, Жоғарғы Кеңес өзін-өзі таратқанға дейін, 1993 жылы 10 желтоқсанда Президентке уақытша заң шығару өкілеттіктерін беретін арнайы Заң қабылдады. Мемлекет басшысы сол кезеңде конституциялық немесе жай заң күші бар бірқатар жарлықтар шығарды. Кейіннен Президенттің заң актілерін шығару құқығы 1995 жылғы ұлттық Конституцияда бекітілді. Алайда ол енді бұл құқықты пайдаланбады.
Шетелдік заңнаманы зерделеу көрсеткендей, парламенттің заң шығару өкілеттіктерін жоғары атқарушы органға беруі негізінен осындай актілерге қатысты парламенттік бақылаудың өкілеттіктерін біріктіре отырып, арнайы нормативтік құқықтық акт қабылдау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанның конституциялық заңнамасында бұл бөлікте белгілі бір кемшіліктер бар және пысықтауды қажет етеді.