ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ОТБАСЫЛЫҚ СОТТАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_75_4_89Кілт сөздер:
соттардың мамандануы, судьялардың мамандануы, сот мамандануы, мамандандырылған соттар, сот билігі, сот құрылысы, сот ісін жүргізу, отбасылық соттар, ювеналды соттар, балалар соттарыАңдатпа
Қазақстанда отбасылық соттардың өзіндік моделін құру тәжірибесі сипатталған және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қазақстандық сот ісін жүргізуге отбасылық, неке, ата-ана, тұрғын үй, тұрмыстық құқықтық қатынастардан туындайтын істер мен дауларды реттеудің сот, сотқа дейінгі, соттан тыс тәртібін енгізу жөніндегі пилоттық жобаларын іске асыру қорытынды нәтижелері талданған.
Тақырыптың өзектілігі соттар мен судьяларды мамандандыру қағидатына сәйкес Қазақстан Республикасындағы сот құрылысын және сот ісін жүргізудің үздіксіз даму барысымен алдын ала айқындалады. Аталған тақырып Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оның жоғары дамыған елі болу жағдайында өзекті болып отыр. Осындай өршіл мақсатқа жету жолында еліміздегі әлеуметтік-демографиялық жағдайды жақсарту, халық арасындағы әлеуметтік шиеленіс пен жанжал деңгейін төмендету, жастар ортасында отбасылық құндылықтарды нығайту, гендерлік теңдікті қалыптастыру, сондай-ақ балаларға достық қоғам құру түбегейлі маңызды.
Осы шараларды іске асыру, бір жағынан, ел ішіндегі халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға ықпал етсе, екінші жағынан, Қазақстанның республикадан тысқары жерлердегі, мысалы, әлем елдерінің жаһандық бәсекеге қабілеттілігі, заң үстемдігі индексі және бақыт деңгейі бойынша танымал халықаралық рейтингтерде Қазақстанның көрсеткіштерін арттыруға ықпал етеді. Ал бүгінгі күні Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жағдайында сот мамандануы сот жүйесін орналастыру, сот ісін жүргізу, сот-мәртебелік қағидаты ретінде жалпы юрисдикциядағы соттардың ішінде құқықтық қатынастардың әртүрлі салаларында, соның ішінде неке-отбасы және тұрғын үй-тұрмыстық салаларда заңның үстемдігін және оған негізделген құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде ерекше өзекті болып табылады.
Зерттеу халықтың әлеуметтік және демографиялық сипаттамаларын жақсартудағы мамандандырылған отбасылық соттардың ерекше маңызды рөлі мен маңызды орнын ашты.
Ғалымдардың ғылыми еңбектері және отбасылық соттардың ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі жөніндегі нормативтік құқықтық база, олардың қызметі туралы эмпирикалық деректер зерттелді.
Жұмыс соңында Қазақстан Республикасына отбасылық соттарының қажеттілігі, жарамдылығы, ақталғандығы туралы негіздерге дәлел бола алатын қысқаша тұжырымдар берілді.