СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САРАПТАМА ЖАСАУДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІНІҢ ТӘУЕКЕЛ ФАКТОРЛАРЫН БОЛДЫРМАУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_75_4_133Кілт сөздер:
Қазақстан Республикасы, сыбайлас жемқорлық, қауіп факторлары, алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама, нормативтік-құқықтық актілерАңдатпа
Ел экономикасына үлкен зиян келтіретін қоғамға қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі – сыбайлас жемқорлық. Құқықбұзушылықтың осы түрінің өсіп келе жатқан сипатын ескере отырып, соңғы уақытта аталған құқықбұзушылықтың алдын-алу іс-шараларына баса назар аударылуда, оның бірі отандық заңнаманы сыбайлас жемқорлық мақсатында пайдаланылуы мүмкін немесе қолданылып жатқан нормалардан тазарту қажеттілігінде. Сондықтан, мақаланың мақсаты нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу кезінде нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін ықтимал тәуекел факторларын талдау болып табылады.
Зерттеу пәніне сүйене отырып, мақалада шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу мәселелері саласындағы нормативтік құқықтық актілер зерттелді. Зерттеу тақырыбының ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыста нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізуді ұйымдастыру және өткізу кезіндегі тәуекелге негізделген әдіс қолданылады, бұл ретте нормативтік құқықтық актілердің жобаларында болашақта сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасауға және заңнаманың бұзылуына ықпал ететін факторлар анықталады.
Осылайша, заң шығарушы заң жобасын әзірлеу кезінде сыбайлас жемқорлықты тудыратын барлық тәуекел факторларын ескеруі тиіс, ал сарапшы өз кезегінде нормативтік құқықтық актінің жобасында барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін орын алуын болдырмауы қажет. Заң шығару сатысында заңдарды әзірлейтін барлық субъектілер, атап айтқанда министрліктер мен басқа да атқарушы органдар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін заң шығару ережелерін қатаң сақтауы керек, бұл өз кезегінде заң шығармашылығына барлық қатысушылардың келісілген жұмысын талап етеді және сапалы өнімнің кепілі болып табылады.