ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВЕНЧУРЛІК КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІ ДАМЫТУ

Авторлар

  • Ербол Мусинұлы Абайділдинов
  • Мира Жұмағазықызы Куликпаева Институт законодательства и правовой информации РК МЮ РК

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_74_3_87

Кілт сөздер:

инновациялар, венчурлық қор, инвестициялар, өнеркәсіптік революция, заңнама, кодекс, венчурлық қаржыландыру

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуын ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз ету, еліміздің осы саладағы бірқатар мемлекеттік бағдарламалар, тұжырымдамалар, заңнама және өзге де құжаттар қабылдауы мәселелері, олардың инновациялық қызмет мәселелеріне және онымен тығыз байланысты, танымал болып келе жатқан венчурлық кәсіпкерлікке қатысты мазмұны қаралды. Шетелдерде осы жоғары тәуекелді бизнестің пайда болуы мен оның Қазақстан аумағында қолданыла басталуына, сондай-ақ өзінің күрделі, кешенді ерекшелігіне байланысты, бірқатар кодекстерде, заңдарда, Үкімет қаулыларында және т.б. оның қазіргі заманғы құқықтық реттелуі талданды. Бүгінгі таңда шетелдік инвесторлар да инновациялық экономикаға, венчурлық қаржыландыруға байланысты жобаларға қаражат салуға аса мүдделі емес екені аталды. Мемлекет инвестицияларды тарту, венчурлық бизнесті дамыту үшін жағдай жасайды. Мемлекет инновациялық жүйе субъектілері көрсететін инновациялық қызметті қолдау арқылы, оның ішінде – инновациялық жобаларға инвестицияларды жүзеге асыру, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаларды құру, инвестициялық және венчурлік қорларды құру немесе оған қатысу, инвестициялық және венчурлік қорларды дамыту, арқылы бұл бизнесті қаржыландыруға жеткілікті түрде көңіл бөлу арқылы венчурлық бизнесті дамыту үшін жағдай жасайды. Мемлекет қабылдаған шаралар жетілдірілу үстінде және мақала авторлары осы бағытта кейбір ұсыныстарын тұжырымдады.

##submission.downloads##

Жарияланды

27.09.2023

##submission.howToCite##

Абайділдинов , Е. М., & Куликпаева, М. Ж. (2023). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВЕНЧУРЛІК КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІ ДАМЫТУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(74). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_74_3_87

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық