КЛИМАТТЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_75_4_115Кілт сөздер:
Климатты қорғау, жасыл экономика, экологиялық цифрландыру, экологиялық қауіпсіздік, құқықтық реттеуАңдатпа
Ұсынылып отырған мақалада климатты қорғау саласын цифрландыру мәлелеріне арналған. Бүгінгі таңда экологияны цифрландыру арқылы климатты қорғау басты мәселеле болып отыр. Бұл мәселелені шешуде климатты қорғау саласындағы цифрлық технологияларды пайдалану есебінен республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, қоршаған ортаны түбегейлі жаңа даму траекториясына көшуі үшін жағдайлары қарастырылды. Экологиялық заңнамадағы олқылықтардың жойылуымен бірге экологияны цифрландыру процесінің белсенді дамуы байқалады. Бұл экологияда өмір сүретін азаматтарының назарын бәрін өте тез жасауға деген ұмтылысты күшейтеді. Климатты цифрландыру мәселелесі мемлекеттік деңгейде қоршаған ортаның әл-ауқат мәселелеріне көп көңіл бөлінеді, бұған осы салада қабылданатын мемлекеттік бағдарламалар мен өзгеде құқықтық актілердің аз болу дәлел бола алады. Жалпы әлемдік және қазақстандық тренд – жасыл экономика тұжырымдамасына және өзгеде жасыл даму бағдарламаларына жан-жақты құқықтық зерттеулер жүргізу кезінде байқалды. Климатты қорғау саласын цифрландырудың басты мақсаты халықтың өмір сүру сапасын артыру, экологиялық жағдайды жақсарту, экологиялық шараларды тиімді жұмыс істеу мүмкіндік жасау, экологиялық жүйені жаңғырту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықтың экологиялық цифрлық білімін жетілдіру болып табылады. Климаттық қорғауды цифрлық трансформация экологиялық қауіпті дағдарысты қалпына келтіру және экологиялық қауіпсіздікті алдын алуда көптеген ұлттық стратегияларының маңызды бөлігі құқықтық талдау жүргізілді. Сонымен қатар авторлар мақалада экологияны цифрландыру саласы оның ішінде климатты қорғау бағыттарын жетілдіру бойынша қолданыстағы экологиялық заңнамаларға толықтырулар мен өзгерістер, ұсыныстар берілді.