PhD М.Х. ХАСЕНОВТЫҢ «ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕРДІҢ ТЕҢ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КЕПІЛДІКТЕРІ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНА ТАЛДАУ НӘТИЖЕСІ ТУРАЛЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАСЫНА ҚАЙТА ОРАЛҒАНДА

Авторлар

  • Елнур Турешовна Баймолдинова ИЗПИ МЮ РК

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_73_2_259

Кілт сөздер:

гендерлік теңдік, тең құқықтар, тең мүмкіндіктер, гендерлік саясат, Қазақстан Республикасы

Аңдатпа

Гендерлік теңдік, жынысына байланысты кемсітуге тыйым салу туралы ереже ретінде Конституцияда «тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деп бекітілген.

Мақалада 2019 жылы Қазақстан Республикасы Заңнама институтының Жаршысында жарияланған «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына талдау нәтижесі туралы» PhD М.Х. Хасеновтың ғылыми мақаласына талдау жүргізіледі.

Автор «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 223-IV Заңына талдау жүргізді. Автордың жасаған зерттеу жұмысы мен әзірленген ұсынымдары мен ұсыныстары өткен уақытты ескере отырып өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Зерттеу барысында талданатын заңның басқа заңнамалық актілерге сәйкес келмеуі мәселелері келтіріледі, сондай-ақ гендерлік теңдікті қамтамасыз етуде реттелмеген аспектілердің болуы атап өтіледі. Экономикалық және еңбек ортасындағы ерлер мен әйелдердің теңдігі, еңбекақы төлеу, олардың мемлекеттік және әскери қызметке қол жетімділігі, құқықтарды шектеу мен бұзудан сот арқылы қорғау, еңбек ортасындағы қудалау және т.б. мәселелер көтеріледі. М.Х. Хасанов өзінің ғылыми еңбегінде осы мәселелерді шешуге және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен мемлекеттік гендерлік саясатын одан әрі жетілдіруге ұсыныстар мен ұсынымдар береді.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2023

##submission.howToCite##

Баймолдинова, Е. Т. (2023). PhD М.Х. ХАСЕНОВТЫҢ «ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕРДІҢ ТЕҢ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КЕПІЛДІКТЕРІ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНА ТАЛДАУ НӘТИЖЕСІ ТУРАЛЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАСЫНА ҚАЙТА ОРАЛҒАНДА. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(73). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_73_2_259