ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ МЕДИАЦИЯСЫ

Авторлар

  • Эльвира Бекболатқызы Аблаева Еуразиялық технологиялық университеті
  • Анель Рахметжанқызы Енсебаева Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбекті қорғау жөніндегі Республикалық ғылыми-зерттеу институты
  • Самал Малікқызы Мухтарова Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • Салтанат Бақытжанқызы Саутбаева Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • Мұхтархан Айдарханұлы Утанов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_75_4_102

Кілт сөздер:

сот медиациясы, сот татуласуы, судья-медиатор, сот-бітімгер, тараптардың татуласуы, татуласу рәсімдері, татуласу келісімі, дауларды реттеу, пилоттық жобалар

Аңдатпа

Жұмыста қазақстандық азаматтық сот ісін жүргізуде сот медиациясының пайда болуының, қалыптасуының және дамуының негізгі кезеңдері сипатталған.

Сот медиациясы туралы заңнама және сот медиациясын жүргізу тәжірибесі зерделенді.

Татуластыру рәсімдері, соның ішінде сот және классикалық медиация арқылы құқықтық қатынастардың әртүрлі салаларынан туындайтын дауларды реттеу ісінде сот билігінің жетістіктері атап өтілді.

Қалпына келтіру сот төрелігі институтын құрайтын элементтерді қамтитын татуластыру рәсімдерінің әлеуметтік-құқықтық маңыздылығы анықталды.

Татуластыру рәсімінің сот медиациясын зерттеу авторларға бүгінгі таңда соттардың, сот-бітімгерлердің, отставкадағы судьялардың, дауларды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуі халық арасындағы жанжал деңгейін төмендетудің және соттардың жүктемесін түсірудің пәрменді шарасы болып табылатынын анықтауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, сот тәжірибесі көрсеткендей, соттардың дауды бейбіт жолмен шешуге жәрдемдесуі халықтың құқықтық мәдениеті мен оның сот билігіне деген сенімінің артуына жағымды әсер етеді.

Авторлар дауды бейбіт жолмен реттеу ісінде судьялардың, сот-бітімгерлердің, отставкадағы судьялардың өміршеңдігін, қоғамда сот медиациясының татуластыру рәсіміне деген сұранысын көрсетеді. 

Зерттеу барысында дауларды бейбіт жолмен реттеу тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер, ұлттық сот жүйесін дамыту және жетілдіру туралы тұжырымдамалық және стратегиялық құжаттар, сотта, сотқа дейін және соттан тыс татуласу туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының пилоттық жобалары, татуластыру рәсімдерін жүргізу жөніндегі соттардың статистикалық деректері пайдаланылды.

##submission.authorBiographies##

##submission.authorWithAffiliation##

Заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

##submission.authorWithAffiliation##

Заң ғылымдарының кандидаты,  жетекші ғылыми қызметкер

##submission.authorWithAffiliation##

Заң ғылымдарының кандидаты, «Экономика және құқық» Факультетінің Құқықтану кафедрасының доцен

##submission.authorWithAffiliation##

«Экономика және құқық» Факультетінің Құқықтану кафедрасының аға оқытушысы 

##submission.authorWithAffiliation##

Заң ғылымдарының докторы, доцент, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының қылмыстық істер жөніндегі кеңесшісі

##submission.downloads##

Жарияланды

29.12.2023

##submission.howToCite##

Аблаева, Э. Б., Енсебаева, А. Р., Мухтарова, С. М. ., Саутбаева, С. Б., & Утанов, М. А. (2023). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ МЕДИАЦИЯСЫ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(75). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_75_4_102

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық