ЗАҢ ТЕХНИКАСЫ ҚАҒИДАЛАРЫН САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖАЙЫНДА

Авторлар

  • Қымбат Әбілқайырқызы Айнабаева

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_65_2_159

Кілт сөздер:

заң техникасы, құқықтық актінің мазмұны, заң стилі , өзгерістер және толықтырулар енгізу тәртібі, азаматтық заңнама, олқылықтар

Аңдатпа

 Заң техникасы заң жобалау қызметінде кеңінен қолданылып, белгілі бір практика жүзінде қалыптасатын дүние. Мақаладағы негізгі ой нормативтік құқықтық актілерде заң техникасы ережелерінің сақталмауы мәселелері болып табылады. Онда  заң техникасының ұғымы мен оның ерекшеліктері ашылады.

Мақалаға негіз болған талдау қолданыстағы азаматтық, қор туралы заңнамаға, сондай-ақ ғылыми лингвистикалық сараптамаға келіп түскен жобаларға жасалды. Талдау барысында заң техникасын сақтау, терминдердің бірізді қолданылуы, құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі негізге алынды. Айтылған талаптарды сақтамаудың салдары нақты мысалдар келтіре отырып көрсетілді. Мақалада заң техникасы қағидаларын сақтау, оның талаптары, атап айтқанда, өзгерістер мен толықтырулар енгізу бөлігіндегі талаптары бойынша мәселе көтеріледі.

 Заң техникасы деңгейінің төмен болуы қабылданатын актілердің сапасы мен тиімділігіне кері әсерін тигізетіні де дәлелденді.

Құқықтық актілердегі заң техникасы – құқықтық актілерді ресімдеу тәсілдерінің, талаптары мен қағидаларының жиынтығы. Егер бекітіліп берілген талаптар сақталмаса, заң шығармашылық процесінде заң техникасының қағидаларын елемей жіберілетін қателіктер құқықтық актінің мазмұнына тікелей әсер етіп, айтарлықтай нұқсан келтіреді,  сондай-ақ құқықтық сипаттағы салдарға алып келеді.

Автор заң техникасы қағидаларын сақтау маңыздылығын теориялық және практикалық тұрғыдан зерделеп қорытындылап, тәуелсіздіктің
30 жылдығы қарсаңында осы мәселе аясында іс-шаралар қатарына тоқталып өтеді. Атап айтқанда, Президент Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында «Тиімді заңдар қабылдау арқылы маңызды реформалардың негізі қаланады.»,– деп, тәлімдік, тәрбиелік мәні бар ақпаратты ұсынып, жұртты тартатын жаңа стильді, жаңа форматты көбірек енгізу қажеттігін көрсетті.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2021

##submission.howToCite##

Айнабаева, . Қ. Ә. (2021). ЗАҢ ТЕХНИКАСЫ ҚАҒИДАЛАРЫН САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖАЙЫНДА. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(65). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_65_2_159

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан