ЦИФРЛАНДЫРУ ДӘУІРІНДЕГІ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_74_3_68Кілт сөздер:
адам құқықтары, құқықтарды цифрландыру, қол сұғылмаушылық, жеке деректер, құқықтарды қорғау, құпиялылықАңдатпа
Мақала жаһандық цифрландыру дәуіріндегі жеке деректерді қорғаудың конституциялық-құқықтық негіздерін зерттеуге арналған. Авторлар, ең алдымен, жеке өмірді қорғауға конституциялық құқықтарды, оның ішінде отбасылық және жеке құпияны сақтау құқығын, сондай-ақ жеке жинақтар мен салымдардың құпиясын сақтау құқығын; телефонмен сөйлесулерді, телеграфтық және пошталық хабарламаларды және т.б. қоса алғанда, хат алмасудың құпиялылығына құқығын реттейтін халықаралық актілер мен қазіргі қазақстандық заңнамаға салыстырмалы құқықтық талдау жүргізді;
Бұл мақалада жаһандық цифрландыру дәуірінде жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығын қамтамасыз етуге және қорғауға кепілдік беретін халықаралық құқықтық және ұлттық құралдар ұсынылады, сондай-ақ жеке өмірге араласпаудың заңнамалық кепілдіктері (соның ішінде жеке өмірді бақылаудан қорғау кепілдіктері және ол туралы ақпаратты таратпау кепілдіктері) талданды.
Мақалада жеке деректерді жинау, жинақтау, автоматтандырылған дерекқор серверлерінде кездейсоқ немесе рұқсатсыз кіруден, өзгертуден/жоюдан, жайылып кетуден немесе таратудан тиімді қорғау үшін тиісті шаралар мен құралдарды енгізу қажеттілігі негізделеді.
Сонымен қатар, мақалада конституциялық құқықтың тұжырымдамалық аппаратын кеңейту қажеттілігі дербес деректерді қорғау саласындағы конституциялық-құқықтық институттарға қатысты ақпараттандыру мен цифрландырудың барлық процесін қамтитын жаңа терминологиялық жүйелерді қалыптастыру туралы сұрақтар талданады.
Талдау нәтижелері бойынша авторлар дербес деректерді конституциялық-құқықтық танудың және құқықтық қорғаудың мәселелік бағыттарын тұжырымдады. Сондай – ақ, қол сұғылмаушылыққа қатысты ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша кейбір ұсыныстар тұжырымдалып, құқықтық қатынастарды цифрландырумен және тұтастай алғанда-цифрлық құқықтық кеңістіктің пайда болуымен және цифрлық құқықтардың кеңеюімен байланысты құқықтық саладағы жаңа тұжырымдамалық қатарды түсінуге әрекет жасалды.