ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӘКІМШІЛІК СОТТАРЫ

Авторлар

  • Эльвира Бекболатқызы Аблаева Еуразиялық технологиялық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_76_1_58

Кілт сөздер:

соттардың мамандануы, судьялардың мамандануы, сот мамандануы, мамандандырылған соттар, әкімшілік соттар, әкімшілік сот ісін жүргізу, әкімшілік юстиция, әкімшілік істер, жария-құқықтық даулар

Аңдатпа

Жұмыста Қазақстан Республикасының әкімшілік соттарының пайда болуының объективті шарттары зерделенді, олардың мамандандырылған соттар ретінде қалыптасуы мен дамуының тарихи жолы баяндалды. Мамандандырылған әкімшілік соттарды дамыту, олардың әкімшілік істерді қарау сапасын арттыру, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізуді жетілдіру бағыттары белгіленген. Әкімшілік юстиция, әкімшілік сот ісін жүргізу, әкімшілік процесс және басқа да көптеген терминдерге түсініктемелер берілген.

Тақырыптың өзектілігі соттар мен судьяларды мамандандыру қағидатына сәйкес сот құрылысын дамытудың, сот ісін жүргізуді жетілдірудің және судьялардың кәсібилігін арттырудың тұжырымдамалық бағыттарымен байланысты.

Қазақстан Республикасының мамандандырылған әкімшілік соттарының ұйымдастырушылық және функционалдық жай-күйі талдауға және бағалауға ұшырады. Аталған мәселелерді зерделеу олардың республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда ауданаралық соттардың үлгісі ретінде құрылғанын, жалпы юрисдикция соттарының төменгі буынын құрайтынын, жария-құқықтық қатынастардан туындайтын әкімшілік істерді I сатыдағы соттың ережелері бойынша қарайтынын көрсетті.

Сондай-ақ, қазақстандық мамандандырылған әкімшілік соттар англо-саксон, француз немесе неміс үлгілері бойынша құрылған бірқатар шет елдерде жұмыс істейтін әкімшілік юстиция соттарының аналогы болып табылады.

Жұмыстың теориялық маңыздылығы оның ҚР Жоғарғы Сотының басындағы бірыңғай сот жүйесінің құрылымы мен жұмыс істеуінің негізін құрайтын соттар мен судьяларды мамандандыру қағидаты контекстінде мамандандырылған әкімшілік соттар қызметінің ұйымдастырушылық және процессуалдық негіздеріне талдау жүргізілуінен тұрады.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы ғылыми әзірлемелер үшін пайдаланылуы мүмкін автор тұжырымдаған қорытындылардан тұрады.

Зерттеудің әдіснамалық негіздері Қазақстан Республикасының құқық пен мемлекеттегі сабақтастықты қатаң сақтауын айғақтайды.

Жұмыстың эмпирикалық негізін 2021-2023 жылдардың бірінші жарты жылдығы кезеңінде өздері қараған әкімшілік істер бойынша қазақстандық мамандандырылған әкімшілік соттардың қызметі туралы деректер құрады.

##submission.authorBiography##

##submission.authorWithAffiliation##

Заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

##submission.downloads##

Жарияланды

22.02.2024

##submission.howToCite##

Аблаева, Э. Б. (2024). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӘКІМШІЛІК СОТТАРЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(76). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_76_1_58