ВАХТАЛЫҚ ӘДІСПЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫН ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_76_1_250Кілт сөздер:
еңбек нарығы, вахталық жұмыс әдісі, дұрыс еңбек жағдайлары, еңбек жағдайын арнайы бағалау, еңбек шарты, еңбек тәртібіАңдатпа
Еңбекті ұйымдастырудың вахталық тәсілі ұлттық және әлемдік тәжірибеде кеңінен таралуда. Қызмет географиясының кеңеюімен байланысты экономиканың жаһандануы, сондай-ақ корпорациялар бәсекелестігінің күшеюі объективті түрде «вахталық жұмыс» түсінігінің маңыздылығын жоғарылатып, осы еңбек қатынастарынан туындайтын мәселелерді зерттеуге назар аударады.
Қазіргі уақытта жұмыс берушілердің вахталық жұмыскерлермен әлеуметтік өзара әрекеттесуі ауысымдық әдісті ұйымдастырудың қолданыстағы нормаларының толық пысықталмағанына байланысты тәжірибеде олқылықтар туындауда. Бұл вахталық жұмысты қолданудың жаңа механизмдерін қалыптастыруды қажет етеді.
Мақалада «вахталық әдіспен жұмыс» түсінігі қарастырылып, ғалымдардың осы салада жүргізілген талдауларына көзқарас білдірілді. Қазақстанның батысында және т.б. шалғай аудандарында ғана емес, қазіргі жағдайда кең тараған қызметті ұйымдастырудың вахталық тәсілін реттейтін Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормалары талқыланды.
Мақаланың мақсаты – еңбектің бұл түрінің ерекшеліктерін анықтау және осы бағыттағы туындайтын негізгі мәселелердің шешу жолдарын табу болып табылады. Жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында еңбек қатынастарының жаңа құқықтық реттеу тетігі қажет. Ауысым аралық демалыс кезеңінде жеке құрамның әлеуметтік тұрмыстық жағдайын қалыптастыру, бұл процестер жұмысшылардың әлеуетін қалпына келтіруге ықпал етеді, олардың әлеуметтік бейімделуіне мотивация жолдарын қарастыру қажет.
Вахталық қызметпен қамтамасыз ететін жұмыс берушінің еңбекке ақы төлеу саласында жеңілдіктер ретінде, кәсіпорындар орналасқан облыс тұрғындарын вахталық әдіспен жұмысқа орналастыру арқылы жұмыс берушінің жұмысшыларды орнына жеткізудегі экономикалық шығындарын азайту арқылы үнемдеуге мүмкіншілік беретін тетіктер қарастырылған.
Қызметтің бұл түрі өте икемді болғандықтан заңнамада белгіленген концептуалды бағытты сақтай отырып, еңбек құқығының негізгі институттарына (келісімшарт, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты, жалақы, кепілдіктер мен өтемақылар, еңбекті қорғау және т.б.) мән берілді және нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілді.