ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚ САЛАЛАРЫМЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ

Авторлар

  • Айжан Амангельды Евразийская юридическая академия им. Д.А. Кунаева, Научно-исследовательский центр Академии МВД РК

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_75_4_70

Кілт сөздер:

интеллектуалдық меншік,, мұрагерлік,, өзара іс-қимыл, шарттық міндеттемелер

Аңдатпа

Бұл мақалада интеллектуалдық меншік құқығының жеке құқық салаларымен өзара байланысына қатысты зерттеу жүргізіледі.

Атап айтқанда, интеллектуалдық меншік құқығының азаматтық құқықпен өзара байланысы негізделеді. Интеллектуалдық меншік құқығы азаматтық құқық саласының құрамдас саласы болып табылады, сәйкесінше құқықтық реттеу нысанасы интеллектуалдық меншік объектілері бойынша қалыптасатын мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастардан тұрады. Өз кезегінде интеллектуалдық меншік объектілеріне айрықша құқық мүліктік құқықтар санатына жатады және субъективті құқық ретінде азаматтық құқықтар объектілерінің бірі болып табылады.

Мақаланың жекелеген бөлігі шарттан тыс міндеттемелер институтымен байланысты интеллектуалдық меншік құқығын талдауға арналған. Көп жағдайда интеллектуалдық меншік объектілерін құру конкурстық міндеттемелердің мәні болып табылады.

Айрықша құқықтар мұрагерлік пен мұрагерлік құқықтың мәні ретінде де әрекет етеді, айрықша құқықтар мұрагерлік құқықтық қатынастардың мәні бола алады, бұл мақаланың мазмұнында да көрініс тапқан.

Интеллектуалдық меншік құқығының халықаралық жеке құқықпен өзара байланысы жөніндегі мәселелері талқыланды, өйткені интеллектуалдық меншік құқығы шетелдік элементтері бар күрделң шиеленіскен қатынастарды реттеуді көздейтін халықаралық жеке құқық институттарының бірі болып табылады.

Интеллектуалдық меншік құқығының бірізділігі еңбек құқығының байланысымен де көрінеді, өйткені өзара байланыстың мәні, әдетте, еңбек шартында айқындалатын, алайда ҚР арнайы заңнамасын сақтауды талап ететін қызметтік туындылар мен өнертабыстарға қатысты қатынастар болып табылады.

Мақалада интеллектуалдық  меншік құқығының отбасы құқығымен өзара байланысына талдау жасалады, өйткені интеллектуалдық меншіктің айрықша құқықтары мен объектілері мүлік бола отырып, отбасылық құқықтық қатынастардың мәні бола алады.

##submission.downloads##

Жарияланды

29.12.2023

##submission.howToCite##

Амангельды, А. (2023). ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚ САЛАЛАРЫМЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(75). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_75_4_70

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық