АР-НАМЫС ПЕН ҚАДІР ҚАСИЕТТІ, ІСКЕРЛІК БЕДЕЛДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_65_2_Кілт сөздер:
Ар-намыс, қадір қасиет, іскерлік бедел, әкімшілік құқық бұзушылық, жала жабу, диффамация, адам құқығы, сөз бостандығы, сөз бостандығыАңдатпа
Берілген ғылыми мақалада Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы адам құқықтарын қорғауды жетілдіру мен демократиялық қоғам құру жетістіктері, сонымен қатар, ар-намыс пен қадір-қасиетті, іскерлік беделді қорғауды жетілдірудің құқықтық мәселелері және де осы құқық бұзушылықтың алдын-алуға арналған бірнеше кешенді әдістер мен тәсілдер, ұсыныстар қаралады. Басқа елдердің заңнамаларымен салыстырмалы түрде талдау жасалып, Қазақстан Республикасының заңнамаларына қажетті тиісті нақты ұсыныстар беріледі. Қарастырылып отырған мүліктік емес обьектілерге анықтама беріліп, ар-намыс пен қадір қасиет, іскерлік бедел ұғымдарына қатысты Қазақстан заңнамасындағы орын алған соңғы өзгерістерге сипаттама беріледі. Ар-намыс пен қадір қасиетке қарсы құқық бұзушылықтарға қатысты жан-жақты ғылыми тұрғыдан анықталып, зерттелуі тиіс бірнеше мәселелер мен сұрақтар ұсынылған. Ақпараттық технологиялардың дамыған заманында жала жабу мен абыройлы атқа кір келтіретін құқық бұзушылықты шешудің баламалы нұсқасын дамытуды, кеңірек қолдануды ұсынады. «Игі атақ», «іскерлік бедел» және «абыройлы ат» ұғымдарына талдау жасалады. «Жала жабу» құқықбұзушылығы әкімшілік құқық бұзу саласында жаңа бап болғандықтан ар-намысқа, қадір қасиетке және іскерлік беделге әкімшілік қорғауды кешенді, жан-жақты және ғылыми тұрғыдан толық қайта қарастыру қажеттілігі ұсынылады. Мақалада жала жабу мен көпшілік алдында қорлау сияқты құқық бұзушылықтарынының алдын-алу, болдырмау және ескерту шаралары туралы мәселелер келтірілген, осыған қатысты бірнеше ұсыныстар берілген. Мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметшілерінің ар-намыс, қадір-қасиетін қорғау ерекшеліктеріне сипаттама берген. Ұсынылған ғылыми мақала ар-намыс және қадір қасиетті құқықтық қорғау мәселесіне қызығушылық танытқан азаматтарға арналған.