ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСІН КОНСТИТУЦИЯЛАНДЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ СУБЪЕКТІЛЕРІ

Авторлар

  • Абай Жамбылұлы Рахметулин Верховный Суд РК

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_74_3_221

Кілт сөздер:

Конституция, конституцияландыру, қылмыстық құқық, қылмыстық процестік құқық, халықаралық құқық, ұлттық құқық, конституцияландыру объектілері мен субъектілері, Конституциялық Сот, Жоғарғы Сот

Аңдатпа

Жалпы құқықтық жүйенің, әсіресе қылмыстық-құқықтық саланың конституцияландырылуы тақырыбының өзектілігі қазіргі әлемдегі құқық үстемдігі, конституционализм және конституциялық құқықтық тәртіп идеяларының маңыздылығының артуымен анықталады. Бұл тұрғыда конституцияландыру ұғымы қазақстандық заңнама нормаларына және құқық қолдану практикасына конституциялық-құқықтық құндылықтар мен принциптерді тиімді енгізудің тұтас жүйесін белгілей отырып, құқықтық доктрина мен құқық практикасында жиі қолданылуда.

ҚР Конституциясы нормаларының маңызды рөлі олардың қылмыстық және қылмыстық процестік заңнаманың қалыптастырылуы мен дамуына нормативтік-ұйымдастырушылық, қомақты және құқықтық қорғау әсер етуін айқындайды. Осыған байланысты конституцияландыру субъектілерінің рөлі мен маңызы, олардың заңнаманы жетілдірудегі заңнамалық ұсыныстардың қалыптастырылуына, сондай-ақ, сайып келгенде конституциялық құқықтық тәртіп пен конституциялық заңдылық режимін айқындайтын заңнамалық актілердің қабылдануына әсер ету дәрежесі артып келеді. Конституцияландырудың тікелей нәтижелері құқық қолдану қызметі және құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқыққа сыйымды мінез-құлқы арқылы қамтамасыз етіледі.

Осыған байланысты қылмыстық құқықты және процесті конституцияландырудағы негізгі субъектілердің рөлін конституцияландыру көздері, конституцияландыру объектілері, қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамасы нормаларын конституцияландырудағы қосалқы субъектілер сияқты ұғымдарды талдаумен өзара байланыстыра қарастыру қажет деп санай аламыз.

Аталған мәселелер мақалада қазақстандық доктринамен осы уақытқа дейін конституцияландыруды оның өзара байланысты элементтері: субъектілері, объектісі, мазмұны бар күрделі жүйе ретінде қарастыратын ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлемегендігі ескеріліп,  талданды.

Мақаланың авторы қылмыстық құқық пен қылмыстық-процестік құқықты конституцияландыруды өзінің кезеңдері болатын тәуелсіз процесс ретінде қарастырады, оның түпкі нәтижесі конституциялық құқықтық тәртіп пен конституционализм режимі болады. Алайда, бұл процестің негізгі серпін берушісі Конституцияның үстемдігін, оның принциптері мен құндылықтарын қамтамасыз ететін субъектілер болады.

##submission.downloads##

Жарияланды

27.09.2023

##submission.howToCite##

Рахметулин, А. Д. (2023). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСІН КОНСТИТУЦИЯЛАНДЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ СУБЪЕКТІЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(74). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_74_3_221