ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_77_2_180Кілт сөздер:
құқықтық реттеу, инновация, кәсіпкерлік, кәсіпкерлік құқық, цифрлық экономика, инновациялық кәсіпкерлік, құқық, инновациялық қызметАңдатпа
Бұл мақалада шағын және орта кәсіпкерліктің инновациялық қызметін құқықтық реттеу қарастырылған. Қазіргі жағдайда отандық экономикадағы инновациялық процестерді ынталандырудың ғылыми негізделген теориялық базасын және тұрақты механизмін құруды құқықтық тұрғыдан зерттеу қажет. Инновациялық кәсіпкерлікті дамытудың жоғары көрсеткіштері шағын және орта кәсіпкерлікті инновациялық салаға интеграциялану дәрежесіне тікелей байланысты болып табылады. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, шағын және орта кәсіпкерлер өз қызметіне инновацияларды енгізу есебінен табысы жоғары екенін байқаймыз. Ал, біздің елдегі шағын және орта кәсіпкерліктің инновациялық қызметі құқықтық реттеу әлі де тиісті деңгейде жетілмеген, бұл елдің инновациялық жүйесінің дамуына мүмкіндік бермей тұр. Осыған байланысты құқық саласындағы ең өзекті мәселе инновациялық кәсіпкерліктің құқықтық жобасын әзірлеу және инновациялық кәсіпкерлікті одан әрі құқықтық дамыту жолдарын айқындау болып табылады. Біздің де еліміздің шағын және орта кәсіпкерлерді ынталандыру жобаларын құра отырып, төменгі деңгейде несие беру, салықты азайту, субсидия бөлу, сырттан инвесторларды тарту сияқты жеңілдіктер жасау керек. Авторлар Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті құқықтық реттеуді зерттей отырып, инновациялық қызметпен айналысатын шағын және орта кәсіпкерлерінің құқықтық жағдайын қарастырып, «инновациялық қызмет» түсінігі мен құқықтық мәнін анықтап, Қазақстан Республикасында және шет мемлекеттерде шағын және орта инновациялық кәсіпкерлікті құқықтық қамтамасыз етуін талдап, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымымен өзара әрекеттесу шарттарын анықтауды қарастырды. Зерттеу нәтижесінде Қазақстан Республикасының осы саладағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.