КОМПЛАЕНС ЖӘНЕ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА

Авторлар

  • Айжан Амангельды Евразийская юридическая академия им. Д.А. Кунаева, Научно-исследовательский центр Академии МВД РК

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_76_1_87

Кілт сөздер:

комплаенс, комплаенс бақылау, тәуекелдер, заңнама, зияткерлік меншік құқығы, , сәйкестік, рәсімдер, , беделді тәуекелдер, , залалдар, санкциялар

Аңдатпа

 Бұл мақала комплаенс институтын, меншік нысанына, заңды тұлға түріне, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымда комплаенс рәсімдерін енгізу қажеттілігін зерттеуге арналған. Бұл бизнес процесс қаржы секторында кеңінен енгізілді, алайда экономикалық санкциялардың таралуына және қайталама санкциялардың қаупіне байланысты ол Қазақстанда ерекше өзекті болды.

Бұл мақалада комплаенс мәні, рәсімдері, мақсаттары мен міндеттері, қызметтердің функциялары, комплаенс түрлері, заң талаптарын, корпоративтік нормаларды, әдептік нормаларды және ішкі нормативтік құжаттарды сақтамаудың жағымсыз салдары талданады.

Мақалада автор сыбайлас жемқорлыққа қарсы, санкциялық немесе монополияға қарсы комплаенсті енгізумен шектелмей, комплаенс бақылаушыларының функцияларына зияткерлік меншіктің айналысы саласындағы тәуекелдерді зерттеуді енгізу қажеттілігін негіздейді, бұл зияткерлік меншік туралы құқықтық нормаларды сақтаудың қажетті шарасы болып табылады. Іс жүзінде бұл бағыттар қалыптасқан болып табылады. Алайда, зияткерлік меншіктің заңсыз айналымы, айрықша құқықтардың бұзылуы елеулі құқықтық тәуекелдер мен қаржылық салдарды тудырады. Осыған байланысты автор компания қызметінің түріне байланысты комплаенсті енгізу, оның ішінде зияткерлік меншік туралы заңнаманы сақтау үшін қажет деп санайды.

Бұл ұстаным көптеген сот талқылаулары фактілеріне, құқық бұзушыларды қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартуға негізделген, бұл комплаенс бақылаудың осы түрін қолдану кезінде зияткерлік меншік құқығы нормаларының бұзылуын алдын ала болдырмас еді. Осы салаға комплаенс бақылауды енгізу құқықтық салдарлардың және қаржылық шығындардың (айыппұлдар, тәркілеу) туындауын болдырмас еді.

##submission.downloads##

Жарияланды

22.02.2024

##submission.howToCite##

Амангельды, А. (2024). КОМПЛАЕНС ЖӘНЕ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(76). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_76_1_87

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық