ЗАҢ ТЕХНИКАСЫ – ЗАҢ ЖОБАЛАРЫН САПАЛЫ ДАЙЫНДАУ ҚҰРАЛЫ

Авторлар

  • Нұрқыз Арысбекқызы Нұрбаева

Кілт сөздер:

заң техникасы, заң шығармашылығы, заңнамалық актілердің, сапасы

Аңдатпа

Мақала заң жобаларының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалығына жүргізілетін ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу барысында кездесетін заң техникасы тәсілдерін зерделеуге, сондай-ақ сол тәсілдерді қолдану арқылы заң жобаларының сапасын жақсартуға арналған.

Заң жобалары мәтіндерін дайындау кезінде заң құжаттарының функционалдық-стилистикалық ерекшеліктерін ескере отырып, заң техникасы тәсілдері мен қазіргі қазақ әдеби тілінің нормаларын бірізді қолдануды қамтамасыз ету мақаланың мақсаты болып табылады. 

Автор мақалада заң шығару қызметі тиімділігінің негізгі алғышарты болып табылатын заң техникасының тарихына қысқаша шолу жасайды. Заң техникасы ұғымына нормативтік құқықтық актілердің мәтінін сапалы жазу шеберлігі, заң шығару процесін жүзеге асыру құралдарының жиынтығы деген анықтама береді. Сапалы нормативтік құқықтық актілерді жасау шеңберінде қазақ тіліндегі мәтінде толықтырулар мен өзгерістер енгізу кезінде заң техникасының қолданылу ерекшеліктеріне лингвистикалық сараптамаға келіп түсетін заң жобаларынан мысалдар келтіру арқылы тоқталып өтеді. Заңнамалық актілерді әзірлеуде кезінде заң техникасының рөлі ерекше екенін атап өтеді.

Сондай-ақ автор мақалада заң жобаларымен жұмыс істеу барысында қазақ тіліндегі мәтіндерде жол берілген, норма мағынасының бұрмалануына алып келетін негізгі заңдық-техникалық қателерге талдау жасайды. Тиісінше заң жобасының қазақ тіліндегі мәтінін қалыптастыру кезінде қолданылатын тәсілдерді практикада кездескен мысалдар арқылы ашып көрсетеді. Автор заң жобаларын қазақ тіліне аудару процесінде заң жобасын сапалы дайындау құралы ретінде заң техникасы тәсілдерін пайдалану қажеттілігін анықтап, заң техникасын жетілдіру мәселесін алға тартады. Заң жобаларында жол берілген қателерді жою және келешекте болғызбау бойынша ұсынымдар келтіреді.

                                               

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2020

##submission.howToCite##

Нұрбаева, Н. А. (2020). ЗАҢ ТЕХНИКАСЫ – ЗАҢ ЖОБАЛАРЫН САПАЛЫ ДАЙЫНДАУ ҚҰРАЛЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(60). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/136

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан