ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ МЕДИАЦИЯ ЖАНЖАЛДАРДЫ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕ ТЕТІГІ РЕТІНДЕ

Авторлар

  • Марианна Ивановна Дячук С. Аманжолов атындағы ШҚУ
  • Айнұр Серікханқызы Рамазанова С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университет

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_75_4_216

Кілт сөздер:

медиация, татуласу процедуралары, қылмыстық процесс, азаматтық процесс, келісім шарттары, жанжал, медиаторларды ұйымдастыру

Аңдатпа

Қазіргі Қазақстанда азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот талқылауы конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қорғаудық негізгі тәсілі болып табылады. Қақтығысушы тараптар өзара тиімді негізде туындайтын қарама-қайшылықтарды өздері пайдаланатын рәсім мен оның нәтіжесін бақылауды жүзеге асыру кезінде дербес реттеуге көбірек қызығушылық танытуда.

Бүгінгі таңда татуластыру рәсімдерінің проблемаларына көп көңіл бөлінуде. Бірнеше жыл бойы құқықтық дауларды соттан тыс шешудің маңыздылығы Қазақстанның жоғары мемлекеттік билік органдарының басшыларының сөйлеген сөздерінде атап өтіледі. Сондай-ақ мемлекеттердің құқықтық жүйелеріне делдалдың (медиатордың) көмегімен татуласу рәсімдерін еңгізудің белгілі бір оң тәжірибесі бар. Көптеген дамыған елдерде медиация дауларды сот талқылауымен өзара байланыста реттеудің ерекше нысаны ретінде қолданылады. Алайда, қазақстандық заң практикасында жанжалдарды реттеудің озық тәсілдерін енгізу нашар түсініледі.

Қазіргі уақытта медиация дау-жанжалды шешуде кеңінен қолданылуда. Азаматтық, қылмыстық істер мен материалдар бойынша тараптардың арасындағы дауды медиативтік рәсімдер жүргізу арқылы шешу де жиі қолданылуда. Медиацияның негізгі мақсаттарының бірі қоғамдағы қақтығыстарды азайту, авторлардың пікірінше, бұған татуластыру рәсімдері арқылы қолжеткізуге болады. Медиация рәсімі негізінен қылмыстық процестің бәсекелестік және тараптардың теңдігі принципінен байқалады. Күдікті, айыпталушы, сотталушы өзінің кінәлі есестігін немесе кінәлі екендігін еркін айта алады, жәбірленушімен татуласа алады, процестік келісім жасасып, медиация тәртібімен татуласа алады.

##submission.authorBiography##

##submission.authorWithAffiliation##

з.ғ. к., академиялық профессор

##submission.downloads##

Жарияланды

29.12.2023

##submission.howToCite##

Дячук, М. И., & Рамазанова, А. С. (2023). ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ МЕДИАЦИЯ ЖАНЖАЛДАРДЫ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕ ТЕТІГІ РЕТІНДЕ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(75). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_75_4_216