КЛИМАТТЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАҒИДАТТАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_78_3_94Кілт сөздер:
Климатты қорғау, құқықтық принциптер, табиғи ресурстар, экологиялық қауіпсіздік, халықаралық шарттарАңдатпа
Мақалада қоршаған ортаны қорғаудағы шетел заңнамасына жан-жақты теориялық зерттеулер жүргізілген. Әлемде климатты қорғау саласындағы принциптердің маңызы зор. Себебі климаттың өзгеруі табиғи апаттардың жиілеуіне ықпал етуде. Қоршаған ортаны қорғау шаралары Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясында, Климаттың өзгеруі туралы Париж келісімінде, Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясында, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта және даму конференциясында қарастырылған. Дамыған мемлекеттерде халықаралық құқықтық актілерді негізге ала отырып экологиялық жағдайларды, экологиялық қауіпсіздіктерді және климаттық апаттарды алдын алуда арнайы принциптер енгізіле бастаған. Климатты қорғаудың жаңа принциптері қоршаған ортаға келетін зияндардың алдын алуға, қоршаған ортаны сақтауға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Климатты қорғаудың құқықтық принциптері экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, табиғи ресурстарға келетін зиянды әсердің алдын алуға, табиғат байлықтарын, өзге де табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану арқылы адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға себеп болады. Париж келісімі – Біріккен Ұлттар Ұйымында климат өзгерісі жөніндегі конференцияда барлық мемлекеттер басшылары қабылдаған әлемдегі алғаш рет бекітілген келісім болып табылады. Париж келісімінің басты мақсаты – дамушы мемлекеттердің климат өзгерісімен күресуге бағытталған бірнеше шараларды тиімді ұйымдастыру арқылы қоршаған ортаны басқаруы болып саналады. Халықаралық ұйымдардың әр түрлі шешімінің әлеуметіне құқықтық талдау жүргізе отырып авторлар климаттың өзгеруіндегі мәселелерді шешуге ықпал ететін маңызды әрі құндылықтары тиімді принциптерді ұсынды.