ЗАҢ ТЕХНИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР ТӘСІЛДЕРІ

Авторлар

  • Айгүл Көбейсінқызы Махамбетова Заңнама және құқықтық ақпарат институты

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_75_4_223

Кілт сөздер:

заң техникасы, кодекс, ілеспе заң, кодекстің жазылу тәртібі, заңнамалық акт, сөздердің орын тәртібі

Аңдатпа

Мақалада қазақ тіліндегі сөздердің орын тәртібіне қысқаша сипаттама беріліп, заң техникасының қалыптасқан практикадағы ықтимал әсері қаралады. Сөздер сөйлемде өзара байланысуы үшін қалыпты орындарын сақтауға тиіс. Зерттеушілердің көпшілігі өз еңбектерін осы саладағы мәселелерді зерттеуге арнады. Автор қазақ тілтанушысы, көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы М. Балақаевтың пікіріне тоқталып, оның сөздердің қалыпты орналасу тәртібіне, соның ішінде тұрлаулы сөйлем мүшелері орын тәртібіне қатысты тұжырымын келтіреді. Мақалада сол орын тәрібінің анықтамасы беріліп, талап сақталмаған жағдайда қандай өзгеріс болатыны мысалдармен көрсетіледі. Сонымен қатар қолданыстағы заңнамалық актілерде осы әдеби тіл нормасы талабының сақталуы тұрғысынан талдау жүргізіледі. Әр кезеңде қабылданған заңнама мәтіндерін салыстырып талдау арқылы оның нәтижесі кестеде көрсетіледі. Мәселен, онда бір ғана «болып табылады» сөзінің орын тәртібін түрліше берілген. Зерттеу тұжырымы құқықтық актілерді әзірлеу барысында қажет болатын нақты тәсіл түрінде ұсынылады.  

Сонымен бірге кодекстерге түзету енгізу көзделген ілеспе заң жобаларын әзірлеу кезінде орын алған олқылықтар қолданыстағы заңнама мәтіндерінен көрсетіледі. Ілеспе заңда жазылған кодекс атауын, қабылданған жылын көрсету тәсілдері кестелерде беріліп, нәтижесінде әзірлеушілерге көмекші құрал болатын нақты кесте ұсынылады. Бұл нәтижені әзірлемелер үшін негізге алынатын құжаттарға жатқызуға болады.

Тақырыптың көкейкестілігін ашу мақсатында мәселені практикалық тұрғыдан зерделеуге де назар аударылады. Осы тұрғыдан көршілес елдің заң техникасы практикасына қысқаша шолу жасалады. Олқылықтарға жол бермеу амалдарының бірі ретінде құқықтық акт мәтінін әзірлеуде қолдану қажет болатын тәсілдер ұсынылады. Атап айтқанда, қорытынды тұжырымдарды заң шығару практикасында қолданған орынды. Автор заң құжаттарын сауатты әрі дұрыс ресімдеу жолымен ғана ондағы олқылықтардың алдын алуға болатынын ұсынатын ғалымдардың тұжырымдарына да тоқталады.  

##submission.downloads##

Жарияланды

29.12.2023

##submission.howToCite##

Махамбетова, А. К. . (2023). ЗАҢ ТЕХНИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР ТӘСІЛДЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(75). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_75_4_223

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан