ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУДІҢ СОТТАН ТЫС ЖӘНЕ СОТҚА ДЕЙІНГІ ТӘРТІПТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_76_1_118Кілт сөздер:
дауларды реттеу, шағым, хабарлама, келіссөздер, медиация, төрелік, татуластыру рәсімдері, соттан тыс тәртіп, сотқа дейінгі тәртіпАңдатпа
Мақалада заңнамада, шартта және сот тәжірибесінде көзделген Қазақстан Республикасындағы дауларды реттеудің соттан тыс және сотқа дейінгі тәртібі қарастырылады. Соттан тыс және сотқа дейінгі дауларды реттеудің артықшылықтары атап өтілді, олар сапалық және сандық сипаттамаларда халықтың құқықтық мәдениеті деңгейінде және соттардың нормативтік жүктемесінде көрінеді.
Дауларды реттеу теориясы мен тәжірибесі мәселелерінің ішінде авторлар соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіпте дауларды реттеудің нақты критерийлері мен шектерінің жоқтығын көрсетті. Осы мәселені шешу үшін авторлар дауларды шешудің соттан тыс, сотқа дейінгі және сот тәртібін ажыратады.
Заңнамадағы, теориядағы, сот тәжірибесіндегі дауларды реттеудің соттан тыс және сотқа дейінгі тәртібін екіұшты түсінуге назар аударылды. Сондықтан авторлар дауларды қандай да бір тәртіппен шешуді тұтастай алғанда дауларды шешудің балама тәсілдері ретінде, сондай-ақ құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғаудың соттан тыс және сотқа дейінгі нысандары ретінде таниды.
Дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу тәртібін, қазақстандық және шетелдік авторлардың ғылыми еңбектерін, ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының әдістемелік ұсынымдарын, ҚР Жоғарғы Сотының пилоттық жобаларын және дауларды сотқа дейін реттеу жөніндегі сот тәжірибесін реттейтін ҚР заңнамасының нормалары зерделенді.
Жұмыс соңында дауларды шешудің соттан тыс тәртібіне көбіне төрелік пен нотариат, ал сотқа дейінгі тәртіпке шартты түрде – сыртқы Әкімшілік рәсімдер мен медиативтік рәсімдер жатады деген қорытынды жасалды. Тұтастай алғанда, олар жүзеге асырылатын мақсаттарымен, сондай-ақ оларды жүзеге асыратын субъектілермен ерекшеленетін дауларды шешудің балама әдістері болып табылады.