ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭКОЦИДТІ АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ЗАҢНАМАСЫМЕН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_77_2_314

Кілт сөздер:

экоцид, қылмыстық құқық, ұлттық заңнама, Орталық Азия, салыстырмалы талдау

Аңдатпа

Қоршаған ортаны нәтижеге бағытты құқықтық қорғау Қазақстан Республикасында ғана емес, сондай – ақ бүкіл Орталық Азияда басты басымдықтардың бірі болып табылады. Мақала авторы экологияға қарсы орын алуы мүмкін ең ауыр және ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін құқық бұзушылықтардың бірі ретінде танылатын экоцидті анықтаудың негізгі амалдарын талдайды. Қазіргі уақытта экологиялық қауіпсіздік аса өзектілігімен ерекшеленетін мәселелердің бірі ретінде өңірдегі барлық мемлекеттердің күн тәртібінде қарастырылады. Сонымен қатар, бұл өз кезегінде адамзаттың қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығын қамтамасз ету мәселесімен тығыз байланысты болып табылады. Тиісілі немесе мәні бойынша ұқсас нормалар Орталық Азияның барлық елдерінің заңнамаларында көрсетілуі экоцид және оның аймақ елдерінің қылмыстық құқық жүйелеріндегі қарастырылған түсініктеріндегі айырмашылықтарды анықтау мақсатында салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Мақала авторы Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Түрікменстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодекстеріндегі экоцидтің анықтамалары мен ережелерін қарастырады. Талдау нәтижелері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі экоцид нормасы өңір елдерінің тиісті қылмыстық кодекстерімен салыстырмалы түрде ұқсас құрылымға ие, бірақ қылмыс құрамының элементтерін айқындаудың әртүрлі амалдарында ерекшеленетінін көрсетеді. Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасының заңнамасындағы мәні жағынан ұқсас нормаларды атап өткен жөн. Қорытындылай келе, автор биосфераға тікелей қауіп төндіретін қылмысқа жалпы түсінік пен жалпы көзқарастарды қалыптастыру үшін Орталық Азия елдерінің заңнамаларында тиісті нормаларды үйлестіруді жүзеге асыру тәсілін ұсынады.

##submission.downloads##

Жарияланды

28.06.2024

##submission.howToCite##

Тулибаев S. T. . (2024). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭКОЦИДТІ АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ЗАҢНАМАСЫМЕН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(77). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_77_2_314