ҚАЗАҚСТАНДА УНИВЕРСИТЕТ ПЕН ӨНЕРКӘСІП АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТУ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ҚҰЖАТТАРҒА ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_76_1_48Кілт сөздер:
университеттер, өнеркәсіп, заңнама, ынтымақтастық, реформаАңдатпа
Бұл мақала Қазақстандағы университеттер мен өнеркәсіп арасындағы ынтымақтастықты қолдауда кездесетін құқықтық актілерді зерттейді, және де ортақ бастамалар мен кедергілерді көрсетеді. "2023-2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру мен ғылымды дамыту концепциясына" сәйкес, Қазақстан Үкіметі өңірлік университеттерді өнеркәсіппен тығыз байланыстырып, инновациялық орталықтарға айналдыруды көздейді. Концепцияның идеялары мықты болғанымен, оның тиімді іске асырылуы үшін бірқатар заңнамалық өзгерістер мен түзетулер қажет деген ұсыныстар жасалады. Университеттер мен өнеркәсіп арасындағы ынтымақтастықты күшейту үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативтік актілерге өзгерістер дайындап жатқаны және Үкімет тарапынан өнеркәсіптің қызығушылығын оятатын шаралар бар екені айтылды. Дегенмен, мақалада заң шығару процесінің баяу жүруі және министрліктер арасында келісімге келу оңай шаруа емес екені осы Концепцияның идеяларын жүзеге асырылуына кедергі бола ма деген ойға әкеледі. Заңнамалық актілерді талдаудың негізінде ҚР Жер қойнауын пайдалану Кодексі өнеркәсіп компаниялардан кадр дайындау және ғылыми зерттеулерге инвестиция салуды талап ететіні көрсетілді. Мақалада бұл Кодекстің университеттер мен өнеркәсіп арасындағы ынтымақтастықты дамытуға әлі де әлсіз болып тұрғаны және кешенді заңнамалық өзгерістер қажеттігі ұсынылды. Сонымен қатар, университеттерді орталықтандырылған мемлекеттік басқару және ол университеттер мен өнеркәсіп арасындағы ынтымақтастық әлеуетіне қалай әсер ететінін қарастырылды. Бұл мақаланың мақсаты Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы және инновациялық ландшафты үшін маңызды болып табылатын осындай ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен болашақ перспективалары туралы толық түсінік беру.
##submission.downloads##
Жарияланды
22.02.2024
##submission.howToCite##
Алтынбасов, Б. Ө. ., & Баянбаева, Ә. Р. (2024). ҚАЗАҚСТАНДА УНИВЕРСИТЕТ ПЕН ӨНЕРКӘСІП АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТУ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ҚҰЖАТТАРҒА ТАЛДАУ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(76). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_76_1_48
Журналдың саны
Бөлім
Конституциялық және әкімшілік құқық